Меню KDT

Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Нұр-Сұлтан  қаласы Білім басқармасы "71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2013 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен ашылған. Қайталанбас сәулетімен халықтың көз қуанышы боларлық мүміндері және ғимараттары бой көтерген "Есіл" ауданы, Жағалау 3/200 мекен-жайында орналасқан.  Лицейдің негізгі бағыттары: математикалық-жаратылыстану.  Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп ІI ауысымда жұмыс істейді.  Мектеп директоры Аубакирова Шынар Айдарханқызы. Мектептің сыйымдылығы 1200 оқушы. Қазіргі уақытта 3444 оқушы білім алуда.  Мектепте 190 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде:. жоғары санатты - 27, бірінші санатты - 19, бұл педагогикалық ұжымның 51,6% құрайды  Мектепте 400 орындық акт залы, 450 орны бар асхана, 510 м.кв . аумақты спорт залы, спорт алаңы, 120 орындық оқу залы мен Интернетке қосылған 5 компьютері бар кітапхана, медициналық кабинеттер бар.  Мектеп-лицейде 2 информатика, 1 мультимедиялық кабинет қызмет атқарады. STEM кабинеті бар. Барлық компьютерлер Интернет желісіне қосылған.