Жас маман жоспары
«Жас келсе - іске!» атты
№71 мектеп-лицейінің жас мамандар отырысы.
№71 мектеп-лицейінің жас мамандар отырысы.
12.09.2020 жыл күні мектебіміздің директоры Шынара Айдархановнаның бастауымен және орынбасарларының ұйымдастыруымен «Жас келсе іске!» атты жас мамандар отырысы болып өтті. Отырыстың мақсаты: еңбек жолын алғаш рет бастаған жас ұстаздарға кеңес беріп, мектеп өмірімен, жастар қауымымен, әкімшілікпен таныстыру, жақсы атмосфера қалыптастыру.
Отырыс мектеп психологтары Айжан Оразалықызы және Ажар Тлеубеккызы ұйымдастыруымен еркін тренинг форматында өтіп, әр жас ұстаз өздерін таныстырып қана қоймай, тәжірибелі мұғалімдеріміздің кеңестерін тыңдады.