Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Нұр-Сұлтан қаласы  Білім басқармасы "71 мектеп- лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2013 жылы 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтан (бұрынғы Астана) қаласы әкімдігінің қаулысымен ашылған. Мектеп  Ілияс Омаров көшесі  4 ғимарат  мекен-жайы бойынша орналасқан.

Лицейдің негізгі бағыты: математикалық-жаратылыстану. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.  

Мектеп  екі ауысым тәртібімен жұмыс істейді.

Мектеп директоры Мукашева Майя Чакеновна

Мектептің сыйымдылығы - 1200 оқушы.  2023-2024 оқу жылында  5334 оқушы білім алып жатыр.

2022-23 оқу жылы мектепте 171 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде 156 жоғары білімді мамандар, бұл барлық педагог қызметкерлердің 91.2 %құрайды. Сонымен қатар, мектепте 24 магистр, 19 жас маман жұмыс атқарып жатыр. Соңғы жылдарда  мектептің педагог қызметкерлерінің тұрақтану және сапалық құрамы жағынан өсу динамикасы байқалады.  Оқу жоспарының пәндеріне сәйкес барлық мұғалімдер жеткілікті.

Мектеп бойынша педагог-сарапшылар-25, педагог-зерттеушілер-55, педагог-шеберлер-3. Олардың үлесі педагогтердің жалпы санының 48.5 % құрайды.

Мектепте 400 орындық акт залы, 450 орны бар асхана, 510 шаршы метр спорт залы, спорт алаңы, 120 орындық оқу залы мен Интернетке қосылған 5 компьютері бар кітапхана, медициналық кабинеттер бар. Мектеп-лицейде 2 информатика, 1 мультимедиялық кабинет қызмет атқарады. Барлық компьютерлер Интернет желісіне қосылған және STEM кабинеті бар.

Сынып саны

 

Барлығы 5334 оқушы

162 сынып:

Мемлекеттік тілде білім алатын сынып саны – 70.

Орыс тілінде білім алатын сынып саны - 92.

Оның ішінде:

25 -лицей сыныбы.

114 -жалпы білім сыныптары.

Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)