Өлең-тақпақ
Ардагерім!
Абызым, аңыздарым,
Жібіте алмай жүрміз бе жан ызғарын?
Ұрпақ үшін
Ұран сап өтегендер,
Адамзаттың алдында қарыздарын.
Бейбіт күнде,
Сайраған таң құсымыз,
Бабаға сай баянды бар күшіміз.
Бар бақыттың бастауы сендерсіңдер,
Біздің шексіз сондықтан алғысымыз.
5 "А" сынып оқушысы Ғалым Айым
Жеңіс күні
5 "Б" сынып оқушысы Тоқсанбек Асылхан
Келмеші соғыс, келмеші!
Қайтейін қасыретті ойып жазып,
Болмайды қара жүрек жаны нәзік.
Сол қан сүйгіш есімі «соғыс» екен,
Талайдың жүрегіне қаққан қазық.
Тарсылдаған мылтық дауысы, қан майдан.
«Өлім» деген аждаһа жантайған.
Шүберекке жанын түйіп ұмтылған,
Жауынгерлер ұмытылмас, әй қайдам.
Ажал құшқан қыршын ғұмыр, шейттер,
Қалды орнында гүлге оранған бейіттер.
Бәз біреуге жәй бір түйір сөз ғана.
Шын мәнінде оққа ұшқан кейіптер.
Қаныбезер соғыс алдын кім бөгер?!
Еркетайын жоқтап ана жас төгер.
Куәгері болған шайқас майданы,
Қызғалтақпен қоса енді сен көгер.
Жақсылық үшін жамағат есті жиіп қарайық,
Тыныштықтың қадірін шын бақытқа балайық.
Кемедегінің жаны рас бір ғой, халайық.
Қорғауға ұлы Отанды әрбіріміз жарайық!
Олқылықтың салдарын ей адамзат жөндеші.
Тұрақтылық шырынын бізге енді демдеші.
Құйындайын зулатып, қара бұлттай төнбеші
Бейбітшілік орнаған әлемді енді бөлмеші.
Келмеші соғыс, келмеші!
10 «Ә» сынып оқушысы Мәуленұлы Азамат

Ұлы Жеңіс
Өткен күнде белгі бар,
Тарихты ашсақ парақтап.
Ел басына күн туды
Өмір мен өлім алысты.
Қиын қыстау кезеңде
Жауынгерлер сап түзеп,
Қан майданға аттанды,
Отан үшін, ел үшін.
Жауға қарай келгенде
Өршелене түсті олар.
Қайсарлықпен, ерлікпен,
Жеңіс күнін жеткізді.
Ұлы Жеңіс – бұл Жеңіс
Барша халық тойлайды.
Ардагерлер әрқашан
Мақтанышымыз болады.
5«А» сынып оқушысы Төлеуқызы Салтанат
Ардагерлерге тағзым
Ардагерлер, жаны жайсаң тұлғалар
Бас иемін, ерлігіне әрқашан
Жастығында кешіп өтіп майданды
Жеңіс күнін жақындатқан батырлар
Ей, халайық, ағайын - жұрт жарандар,
Ардагерге көңіл бөліп қараңдар!
Ардагерлер – қазыналы қария
Қойнауынан тарихтық сыр шертетін – дария.
5«А» сынып оқушысы Әкімжанова Елдана
Жеңіс
Көптен күткен Ұлы той
Ол –Жеңіс мейрамы!
Ол «Жеңісті» әкелген
Ардагерлер ардақты.
Бақыты үшін ұрпақтың
Төгілді қанша қан мен тер
Бейбітшілік болсын деп
Армандады барлық ел.
9 мамыр әкелді
Армандаған сол күнді.
1945 – тарихта қалды мәңгілік
Бейбітшілік заманда
Бақытты барлық адамдар!
Бақытты барлық балалар!
Бақытты күнді сыйлаған,
Жасасын мәңгі аталар!
5 «А» сынып оқушысы Ұзақпаева Шапағат
Ардагерге мың алғыс!
Елі үшін жанын қиған,
Жерімізді қорғап қалған.
Бабаларға басымды иіп,
Барлығына рахмет айтам!
Жеңіс күнін тойлаймыз,
Тәуелсіз ел болдық біз,
Арқасында олардың.
Тарихта бұл - мәңгі іс,
Ардагерге мың алғыс!
5 «А» сынып оқушысы Темірбаева Ақнұр