
Қош келдің, Әз-Наурыз!
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірін деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді. Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі. Наурыз мерекесі-күн мен түннің теңелуі.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қош келдің, Әз-Наурыз!
10 "А" сынып оқушысы Нәлтаева Аққу
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
КӨКТЕМ
Көктем – шуақты мезгіл. Көктем келіп жер беті жаңарып, әдемі түрге енеді. Құстар сайрап, барлық жан-жануар, тіршілік оянады. Көп шөп шығып, бәйшешек, ағаштар гүлдеп, мал төлдейді. Көктемнің айлары: наурыз, сәуір, мамыр болады. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жердің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің атаулы күндері.
Ерте көктем
6 "А" сынып оқушысы Тен Камилла
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қош, келдің-Әз Наурыз!
НАУРЫЗ - бұл қазақтың ұлттық мейрамы.Бұл мейрам Қазақ халқының-жаңа жылы болып саналады.Наурыз мейрамы келгенде күн жылып, гүлдер бүршік атып, ағаштарда жапырақ пайда болып, қарлар, мұздар еріп, жер әлем жасыл түске түрлене бастайды.
Наурыз да күн мен түн теңеліп ай туады. Наурыз келді деп, бүкіл халық сол мейрамға дайындалып, ренжіткен адамдарынан кешірім сұрайды,және де дастархандарын дайындап, бірін-бірін сыйлы қонақ етіп күтеді. Наурыз мейрамына орай, Наурыз көже дайындайды. Сол көжеге жеті түрлі дәм қосылады.Осылайша адамдар мейірімді,қамқор,қуанышты жүзімен Наурыз мейрамын қарсы алады. Наурыз мейрамын да,бүкіл ауыл-аймақ,қалалар мерекелер ұйымдастырып,бүкіл халықтың басын қосып жүздеріне қуаныш сыйлап, үлкен кісілер мен балаларды, жастарды мәз қылып қуантады.
Мейрамға орай дәстүрлі ойындар ойналады, олар: көкпар, қыз қуу, алтыбақан, арқан тартыс ойындары ойналады, және де жастар ән айтып билеп өз-өнерлерін көрсетіп сайысқа түседі.Балалар мен жастар Алтыбықанның үстінде тұрып ән айтады.Қазақстан да, Наурыз мейрамы үш күн аталып өтіледі.
Бұл мейрам 2010 жылы,10 маусым да Біріккен Ұлттар Ұйымы 22-наурыз «Халықаралық Наурыз Мейрамы» деп белгіленді.Жалпы,Наурыз мейрамы парсы,кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа-жылдың басы ретінде тойланады. Бұл мейрам Әзербайжанда,Тәжікстанда, Иранда, Түркияда аталып өтіледі және де бұл мейрам қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы болып саналады.Халықтың түсінігі бойынша Наурыз мейрамында Қыдыр ата жер-көкті аралап шығады. Кейбір жұтқа ұшырап,қиналғандарға жылу жинап береді.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған, және де барлық халықты НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!
7 «Ә» сынып оқушысы Алиакбар Ақмарал
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |