Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

"Lesson study - оқу мен оқыту тәжірибиесін жетілдіру тәсілі" атты қалалық семинар өтті

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
Ақпан айының 26-сы күні Нұр-Сұлтан қаласы #71 мектеп-лицейінде "Lesson study - оқу мен оқыту тәжірибиесін жетілдіру тәсілі" тақырыбында семинар болып өтті. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушыларға сапалы білім беруде, олардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы семинарға Нұр-Сұлтан қаласының Білім мазмұнын жаңғырту орталығының әдіскері Есематова Ақбота Бақыхытовна және қала мектеп ұстаздары қатысты. Мектеп директоры Аубакирова Шынар Айдарханқызы алғашқы сөзді алып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарда мектеп мұғалімдері сабақтар өткізіп, сынып оқушыларының білімін арттыру мәселесі мен шешу жолдарын қарастырды. Ашық сабақтарға қатысқан ұстаздар әр сабаққа кері байланыс жасап, іс-тәжірибемен алмасты. Қорытынды сөзді Білім мазмұнын жаңғырту орталығының әдіскері Ақбота Бақытқызы Жапон еліне барған әріптестерімен бірге, Жапондық мектептердің Lesson study сабақтарына қатысып, алған іс-тәжірибиесін қатысушылармен бөлісті. Ол елдегі ерекшеліктерге тоқталып, біздің оқу үрдісіне пайдалану тиімділігін көрсетті. Семинармен қатар мектеп- лицейдің білімді тәрбиемен ұштастыра сусындататын іс-шаралар орын алды: Жас сарбаздар мен Жас ұландар, домбырашылар мен хор, қол өнер үйірмесі және хореография өз жұмыстарын қонақтарға көрсетіп, тәрбие жұмысының жан-жақтылығы көрінді. Семинар өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.
















Просмотров: 428

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь