Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Біз таза қаланы қолдаймыз»

«Біз таза қаланы қолдаймыз» ұранымен 2015 жылдың 19 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша мекемелер арасында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікті өткізу – бұл қаламызды тазалап, көркейтуге бағытталған жақсы дәстүр. Өз қаламызды қолымызбен ретке келтіріп, оған сүйіспеншілік пен құрметімізді көрсету барлығының көңілінен шығатын іс. Кімді алып қарасақ та, кез-келген адам өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі. Өлкеміздің ажары кіріп, тазалығы артып жатса нұр үстіне нұр болады. Осы орайда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Астана қаласының №71 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары ұйымшылдық танытып, қалалық сенбілікке қатысты. Сенбіліктің ашылуы барлық оқушыларды сапқа тұрғызып мектеп директорының жігерлі сөзімен басталды. Оқушылар қолдарына көтерген ұран сөздерімен сенбілікке дайын екендіктерін көрсетті.Қатысқан оқушылар саны-600(сағат 9.00-де 5-інші, 6-ыншы, 7-інші сыныптар, сағат 11.00-де 8-інші, 9-ыншы, 10-ыншы сыныптар) және де 40 мұғалім сенбілікке шықты.





Просмотров: 425

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь