Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Астана қаласы математика пәні мұғалімдерінің қалалық семинар

Астана қаласы Білім басқармасының жоспары негізінде 21.10.14 ж.

№ 71 мектеп-лицейі негізінде математика пәні мұғалімдерінің тұрақты жұмыс істейтін қалалық семинары өтті.  Семинарды бірінші жоғары деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер Әлімбаева Аягөз Жақсыкелдіқызы мен  Жолдасбекова Айман Қапалқызы өткізді. Семинардың тақырыбы; «Математикадан олимпиадалық есептерді шешу, күрделі тапсырмаларды шешудің қызықты әдіс және тәсілдері».

 Семинарға қатысушыларды қалалық білім басқармасының әдіскері Қанапиянова Гүлнара Едірісқызы  құттықтады. Ол өз сөзінде осындай семинарлардың мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру үшін және олимпиадалық қозғалысты дамытуда тәжірибе алмасу үшін маңыздылығын баса айтты.

Семинардың бірінші бөлімі дарынды және талантты балалармен жұмысқа арналды. Коучинг барысында мұғалімдерге талантты және дарынды балаларға мінездеме және анықтама беру, оқушылардың осы санатымен жұмыс істеудің формалары мен әдістерін айқындау ұсынылды.   Талқылау барысында ұстаздар қызықты флипчарттарда көрсеткен зерттеу жұмыстарын жүргізді, өз жұмыстарының тұсау кесерлеріне белсенді қатысты. Семинардың екінші бөлігі – 9 сыныпта олимпиадалық есептер шығару бойынша практикалық жұмыс.

Семинарды өткізу формасы барлық семинарға қатысушылар үшін қызықты және танымды болды. Қала мұғалімдері қызығушылық танытты және өткізілген іс-шараға жоғары баға берді.

7 модульді бағдарламаны практикалық пайдалану мен үйрену семинарлары жаңа да жайлы №71 мектеп-лицейде ай сайын өткізіліп тұратын болады.



Просмотров: 494

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь