Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!

    Соңғы қоңырау – мектепте орын алатын барлық мерекелердің ішіндегі ең әсерлі, ұмытылмастай есте сақталатын, мейрам. «Соңғы» деген сөздің өзі ешкімді бей-жай қалдырмай, тебірентіп, мектеп бітірушілердің бәрінің де көңілдерін алабұртып жатады. Бұл – қимастықпен қоштасу, жүрек түкпіріндегі мұң, бірі-біріне ақжол тілектер.      Соңғы   қоңырау – қызықты дәурен мектептегі өмірмен қоштасудың нышаны.
   Сондықтан да бұл  мейрам мектеп бітірушілердің  естерінде ұзақ мерзім сақталады. 25-шi мамыр күнi жылдағы үрдiс бойынша ауданның түкпiр-түкпiрiндегi мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, жаңа да жауапты өмiрге аяқ басқан түлектер алтын ұя мектептерiмен қоштасты.
     Салтанатты жиынға Білім басқармасынан келген қонағымыз Булебаева Ләззат Кайдирбековна ханым салтанатты жиынға келгендердің барлығын мерекелерімен құттықтап, биылғы жылдың жас түлектеріне ақ тілегін жолдады.
    Мектеп директоры В.В.Моторин ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдірді.
  Алда әлі ұзақ өмір жолы жатыр. Бұл жол үстінде кешегі бүлдіршіндердің адами қасиеттерді асқақ тұту, айықты  білім алуға одан әрі талпыныс, өзге адамдармен жарқын қарым-қатынас орната білу, таңдаған мамандығының мән-маңызын жете бағалау сияқты сан-салалы таңдау жасауға тура келеді. Ең бастысы – бұлардың бәріне қойылар баға мектептегіден әлдеқайда қатаң! Ал нақ бүгін: жас түлектердің бәрі кешегі қиындықтардың артта қалғанына шексіз бақытты, алда өздерін күткен армандарына үміттері үкілі! Сонымен бірге өздерінің он жылдан бергі жасөспірім және жастары үлкен достарымен қимай қоштасу да жүрекке үлкен мұң ұялатады.      Сонымен, мектептегі соңғы қоңырау тағы бір соңғы рет сылдырлады, мектеп түлектері салтанатты залдан шығып та кетті. Мұнда олар енді мемлекеттік емтихандары – Ұлттық бірыңғай тест тапсырғаннан кейін, соңғы рет, тек мектеппен қоштасу кешін өткізуге ғана жиналатын болады.


Просмотров: 588

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь