Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Жолың болсын балдырған!» ертеңгілігі

            Жыл бойы жүргізілген жұмысты қорытындылау мақсатында «Жолың болсын балдырған !»  тақырыбында даярлықпен қоштасу ертеңгілігін өткіздім.  Ертеңгілікте  балалар тақпақтар, әндер айтып, би биледі, көрініс көрсетті. Ойын арқылы тапсырмалар орындап,  алған білімдерін көрсетті.

Оқимыз,  білім  аламыз
Болашақ  жолын саламыз
Даярлықпен  қоштасып
Біз  мектепке  барамыз.



Мектеп  деген  білім  кені, жыр  кені,
Мектеп  деген  ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші  адамға
Мектеп  деген  даналардың  мекені

 Даярлық сыныбында бір жыл көлемінде тәрбиеленіп келген оқушыларымыз бірінші сыныпқа қадам басқалы отыр. Ертеңгілікте оқушылар өлеңдер оқып,  әндер айтып,  қоштасу вальсын биледі. Жалқаубек пен оқушы көрінісін көрсетті. Бұл ертеңгілікте оқушылар өз өнерлерін аямай ортаға салды.





Просмотров: 609

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь