Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Жас маман - 2014

Астана қаласы  № 71 мектеп-лицей мұғалімдерінің арасында «Жас маман — 2014» сайысы өтті.
     Бойына білім нәрін, біліктілік дәнін жиған ұстаздар балаларды осы игі қасиеттерімен баулып, үлкен өмір жолына  жетелейді. Осындай мәні зор ұстаздық қызметке жаңадан келген жас мамандар да алған білімдерінен  түйгендерін орынды пайдаланып, балалардың игілігі үшін жұмсайды. Мейірімділік, шығармашылықпен жұмыс істейтін, жоғары кәсіптік рейтингісі бар талантты педагогтарды анықтауды мақсат еткен бұл сайыс барысында жаңашыл жастар көзге түсті.
     Сайыстың бірінші іріктеу кезеңінде жалпы 9 мұғалім қатысып, олардың өткізген ашық сабақтары және эссе-шығармашылық жұмыстарын талдау кезінде ұстаздар іріктеліп, екінші кезеңге жоғары балл жинаған 7 жас маман қатысты. Олардың қатарында
 «Жас маман – 2014» байқауының жеңімпазы екінші кезеңде өзін-өзі таныстыру, шығармашылық жобаны қорғау және панорамалық сабақ бойынша сайыскерлердің білімін де, білігін де назарға алып, бағалады.
    Сайыс қорытындысында мектеп директоры В.В.Моторин жеңімпаздарын құттықтап, бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әмірқожаева Жайна жеңіп алса, І орынды химия пәнінің мұғалімі Төлеубек Алия иеленді. Ал ІІ орын жүлдесін бастауыш сынып мұғалімі Тайкебаева Айнұр алса, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алтаева Бақытнұр  ІІІ орынның тұғырынан көрінді. Сонымен қатар жас мамандар
«Ізденімпаз ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Жаңашыл ұстаз», сызу пәнінің мұғалімі Тұңғышбаева Жанар «Инабатты педагог», «Өз ісінің шебері» және «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.


Просмотров: 682

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь