Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

“Talent show” байқауы

   30 сәуір күні  6-9 сыныптар  арасында  ағылшын тілі және  орыс тілі   апталығына арналған   “Talent  show” байқауы  өткізілді.
   Барлық сынып  оқушылары  белсенді қатысты. Әр сыныптан    қатысқан оқушылар  ерекше  көзге  түсе отырып,  өздерінің  өнерге  деген   құрметтерін  және  де   актерлік  шеберліктерін  көрсете  білді. Сайысты     9«А»  сынып  оқушылары   Дана  ағылшын   тілінде, ал   Аида   орыс тілінде  жүргізді. Іс-шара   ағылшын тілі  және  орыс  тілінде  өткізілгендіктен  әділ  баға беретін  әділ қазылар  ағылшын тілі  пәнінің  мұғалімі  және  директордың  тәрбие-  ісі  жөніндегі  орынбасары  А.Ж Сулкеева, ағылшын  тілі  әдістемелік  бірлестік жетекшісі Р.Н Касимова, орыс тілі  әдістемелік бірлестік жетекшісі  Л.Н Бозшаева,  тарих пәнінің   мұғалімі                        Д.Ш Байжумнова, музыка   пәнінің мұғалімі  Асия Мухтаровна  өздерінің    әділ сараптауларын жүргізе білді. 



   Сайыстың  қорытындысы бойынша  әділ –қазы алқалар    өз  ойларын, ұсыныстарын, тілектерін білдіре отырып, сайысқа  қатысқан   оқушылардың  дайындықтары  өте жақсы екенін  бағалап кетті.  Жеңімпаздар  және  де  белсенді қатысқан  оқушылар  марапатталды.



Просмотров: 435

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь