Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Әжелер сөзі – тәрбие көзі

      19 наурыз күні «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты тақырыпта бастауыш сынып мұғалімі Гүлзира Калиева әжелер арасында тәлім-тәриесі мол тәрбие сағатын өткізді. Мектепте әжелер келіп, жас буын өкілдеріне тағлымы мен өнеге сыйлаған ғибратты кеш өткізілді.
      Ақ сүт берген аналардың анасы – әже әрқашанда балалық балдәуреннің басы қасында болатын аялаушы, ақыл нәрін сіңіретін тәрбиелеуші. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, өмірден жинаған барлық ғибратын нәрестені, балдырғанды, бүлдіршінді тәрбиелеуге арнайды. Ата жолын қусын деп адал еңбекке, мейірімді болсын деп қайырымдылыққа, ізгілік имандылыққа баулиды. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, қадірлі, ардақты жан. Мектептің сахнасында өнер көрсетіп, тағылымды тәрбие жөнінде сөз қозғаған асыл әжелерді мектептің оқушылары дәл осылай бағалағаны рас.Сайыс шымылдығын өздерін таныстырумен ашқан әжелер, одан кейін майын тамызып ертегі мен әңгімеге кезек берді. Өздері дайындап әкелген дәмдері – бал үйірер ұлттық тағамдардың да түр-түрін алдыға тосып, дайындау тәсілдерін тәптіштей айтып, құлақтарына құйып берді. Ал тыйым сөздерден оқушылардың үйренері көп болды. Сайыс қорытындысындағы әжелердің төгілтіп берген баталары қандай керемет еді.

 


Просмотров: 707

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь