Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Ақын Мұқағали Мақатаев «Бүгін менің туған күнім...»

       2014 жылы 26 ақпан күні Астана қаласы №71 мектеп-лицейінде Білім басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласы мектептері үшін қазақ поэзиясының саңлағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Бүгін менің туған күнім...» атты дәстүрлі Мұқағали оқуларыөтті.
      Қала мектептерінен талантты оқушылардың басын қосқан өнер сайысында «Жыр эстафетасы» номинациясында оқушы Мұқағалидың бірнеше өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» номинациясында оқушы өз төл туындысынан бір өлең оқыды.«Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» номинациясында Мұқағали шығармашылығының белгілі бір тақырыбына  жүргізілген  зерттеу жұмысын қорғады.  «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында  М.Мақатаев өлеңіне жазылған әндерін орындады. «Менің пірім – Мұқағали» номинациясында
оқушылар ақынның  шығармаларынан көрініс қойды.

    Мектеп оқушыларының өнерін тамашалауға және әділ бағасын беруге шақырылған қонақтар:
    

  1. Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы -№1 балалар  музыка  мектебінің директоры,   ҚР Білім  беру   ісінің  үздігі,  «Құрмет белгісі»  ордені,  Ы. Алтынсарин  төсбелгісінің иегері, «Балалар үшін « Алтын жұлдыз» иегері, ҚР  Мәдениет қайраткері,  КСРО  Мәдениет қайраткері.
  2. Қамаева Сәруар Аплашқызы - филология ғылымдарының кандидаты,  ЕҰУ доценті, ақын.
  3. Алмахан Мұхаметқалиқызы – Қазақстан –Ресей университетінің «Абайтану» ғылыми- танымдық  орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын.
  4. Ерқожа  Әлқожаұлы Тілепбердиев – ақын, сазгер, Жазушылар Одағының  басқарма мүшесі, Республикалық конкурстардың лауреаты.
  5. Жалғас  Кеңесұлы - Қазақстан  Республикасының  мәдениет қайраткері, композитор.
  6. Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы - филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры, ақын.
  7. Асыл Амангелдіқызы – Білім  Басқармасының  бас маманы.
  8. Кенжахметова  Зәмзагүл Сейтқызы- Білім басқармасының әдіскері,
  9. Айнар Төлегенқызы- Төлеген Айбергеновтің қызы,
  10. Меруерт  Әбітайқызы  Әбуова - Білім Басқармасының әдіскері,
  11. Күнімбала  Ізтөлеуқызы  Баяхметбаева -Білім Басқармасының әдіскері 
        «Бап шаба ма, бақ шаба ма» демекші, өнер жолына түсіп, албырт та шығармашылық шабытын аша білген мыңнан жүйріктер танылды. Соның ішінде № 71 мектеп-лицей оқушыларынан құралған «Маска» тобы «Менің пірім – Мұқағали» номинациясында  ақынның  шығармаларынан көрініс қоюда ІІ орынға ие болды. Ал «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап»
 айдарында 10 «Ә» сынып оқушысы Мәуленұлы Азамат өз төл туындысынан ақынға арнап өлең оқудан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
    «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші, осындай дарынды да өнерпаз оқушыны дайындап, өнерге құштарлығын оятқан адамдардың бірі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері –Т.Шүкірбек, Г.Байшораева.

    
 Данышпан қазағымыз «асыл- тастан, ақыл- жастан» деуші еді болашақта өнер жолында тек қана ақ жол, жұлдызды сәттер тілейміз!


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Токушева
 



Просмотров: 792

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь