Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Шығарма - хат

Жеңіс күні

Отан үшін от кешкен
Әлия, Мәншүк апалар.
Жауын атқан қақ төстен
Төлеген, Талғат аталар.
Жеңіс үшін туғандай
Нүркен, Қасым, Бауыржан.
Рейхстагқа ту тіккен
Қайсар аға Рақымжан.
Батырлары ол қазақтың,
Ер боп туған атадан.
Өлтірмейміз есімін,
Қалдырған жыр, батадан.
  Осы «Батырлар» өлеңін оқығанда аталарым есіме келеді, өйткені солардың батылдықтарымен, күш қуаттарымен жеңіске жеттік. Ата-бабамыз ұрпақтары үшін біздің елді фашистерден қорғап қалды. Мен өзім, осы соғыспен журналдар, фильмдер арқылы таныспын. Кино көріп отырғанда, мен өзімді соның ішінде жүргендей сезінемін. Сол фильмдер мені қатты толқытады. Біздің болашағымыз үшін өз өмірлерін аямаған аталарымыз мәңгілікке есімізде қалады.
    Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы фашистер біздің елімізге шабул жасаған. Сол күні көп аналар ұлдарын майданға шығарып салған. Менің атам мен әжемнің әкелері де майданға аттанған. Бүкіл ел фашистермен күресуге көтерілген. Тылда қалған қариялар да, аналар да кішкентай балаларымен майданға көп көмек жасап отырған. Оларға азық-түлік, жылы киім жіберіп отырған. Сол соғыста көп солдаттар қаза тапқан, бірақ біздің елдің азаматтары өз ерліктерімен, күш-жігерімен осы соғысты жеңген. Жауды Берлинге дейін қуып, сол елдің Астанасына біздің туымызды желбіреткен аталарымыз мәңгілікке қалды. Менің әжемнің әкесі Берлин қаласына дейін барып және үйге жеңіспен оралған. Үйде көп медальдар бар, әжем оларды бәрін қазірге дейін сақтап келеді. Менің әжем аспандарымыз ашық болсын деп күнде тілеп отырады. Әжемнің тілегін өсе келе түсініп келемін.
    Мен әдебиеттен көп батырлармен таныстым. Ол, Бауыржан Момышұлы – әскер басқарған, Әлия Молдағұлова – мерген болған, Мәншүк Маметова – зеңбірекші болған. Еліміздің батырлары көп, олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Батырларымыздың есімдері мәңгілік!

 4«А» сынып оқушысы Бурамбай Сұлтан



Ардагерге хат

    Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Сіздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын.
   Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының  мықтылығымен келді.
  Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды -  қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер.
    Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан  жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін.         Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!
   Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға  ант етеміз!

                                                                                                                                                                                                                                                                                   5"А" сынып оқушысы Ғалым Айым


МАЙДАНҒА ХАТ

   Осы хатымды қанды майданнан оралмаған бабаларымыздың рухтарына арнаймын. Болашақ ұрпағының бейбіт өмірі үшін кеуделерін оққа тосқан батырларға...
Бауыржан Момышұлы, біздің қазақ елінде сіздей қаһарман барына мақтанамын. Біз үшін өз өміріңізді қидыңыз. Біз қазір бақытты өмір сүріп жатырмыз. Сіздер армандағандай тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма жылдан асты. Еліміздің бас қаласына он бес жыл толды. Өркениетті еліміз елу дамыған елдің қатарына кірді. Ендігі мақсатымыз дамыған отыз елдің қатарына кіру. Жақында «EXPO 2017» өтеді. 
Ата-аналарымыз еліміз үшін еңбек етіп жүр. Елбасымыз біз үшін көптеген мектептер, балабақшалар, жоғарғы оқу орындарын ашып жатыр. Біз бақытты баламыз.

 4«А» сынып оқушысы Сатарқұл Аяжан

 

 МАЙДАНҒА ХАТ

 Елімнің болашағын ойлаған. Елім, жерім деп жан қиған, отқа да, суға да түскен аталарым, ағаларым, апаларыма арналған хат.
... Көктем келіп арқаларыңызды кеңге жайып жатырсыздар ма? Күн жылып жатыр ма? Біз, жас ұрпақ сіздерді сыйлап, құрметтеп және үлгі алудамыз. Балаларыңыз сіздерді сағына күтіп жүр. Күн сайын жолға қарап сіздерді тосады. Жерімізді, елімізді сіздердей азаматтар қорғағанына ризамыз.
Сіздердің арқаларыңызда аман жүрміз. Өздеріңіз қалайсыздар? Аман жүрсіздер ме? Жеңіп жатырсыздар ма? Жау жағадан алып жатыр ма? Жандарыңыздағы адамдар қалай? Қиналған жоқсыздар ма?
Біз үшін,
Болашақ ұрпақ
Жанын берген.
Елім деп, жерім деп жүрген
Жауынгерлермен мақтанам.
4«А» сынып оқушысы Таңсық Аманай



Ардагерге хат

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зіл бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар.

      Құрметті ардагерлер! Шынымды айтсам бұрын соңды ешқашан мұндай хат жазып көрмеппін. Алайда сіздер ардагер болғандықтарыңыздан, бұл мен үшін үлкен құрмет деп ойлаймын. Бұл хатта ең бірінші мен сіздерге деген ризашылығымды білдіргім келеді. Мен ғана емес, бүкіл қазақ жұрты сіздерге өте риза деп ойлаймын. 
   Әңгімелерді тыңдаған сайын мен біздің батырларға қатты таң қалатынмын. Біріншіден мен олардың батылдығына, екіншіден олардың шыдамдығына, үшіншіден рухының күштілігіне  қарап әлі күнге дейін таң қаламын. Менің ойымша бұндай жағдайдан өтіп, күрескен  адам ардагер емес, болаттан жаралған адамдай. Осындай қатаң соғыстан өткен адам әрқашан өмірдің орнын біледі. Себебі, әрбір  жорыққа аттанған сайын адам өз өмірін басқа адамдардың өмірі үшін бәйгеге тігеді. Қолына қару алып күрескен ардагерлер де, сол азаматтар үшін киім кешек тігіп, жіберіп отырған тыл ардагерлері де көп еңбек етті. 
       Сондықтан сол еңбекті ақтай білу керек. Қазіргі кезде қанша медаль бар болса да, қанша еңбек еткен болса да, ардагерлерге қарайтын адам саны өте аз. Мұның барлығы адамдардың ақымақтығынан, олардың бейбіт өмір сүруге әбден  үйреніп алуынан болды. Көбінде адамдар ардагер болудың не екенін, соғысқа қатысып, игі жұмыс жасаудың не екенін түсінбейді. Алайда, бұлай  жалғаса беруіне жол беруге болмайды. Өйткені қазақ ардагерлері қазақ  халқының  жойылуына жол бермеген азаматтар. Олар өз өмірінің жойылуына жол ашса да, халықтың жойылуына жол бермеді. Сондықтан мен ардагерлерді құрметтеймін және оларды бүкіл ел құрметтегенін тілеймін.

 7«А» сынып оқушысы Ашербаева Дана

 

 

Ұлы жеңіс жасасын!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың  құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

          Міне, Ұлы Жеңіске 69 жыл! Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен ерлер мен аналардың  даңқы еш уақытта да өшпейді.Олардың рухына, қанды көйлек жолдастарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз! Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан, Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш  уақытта ұмытылмайды, мәңгі сақталады. Бүгінде біздің перзенттік парымыз - Отанымызды сүю, еліміздің  туған жеріміздің адал патриоттары  болу, достық пен бірлікті берік ұстау , нығайту. 
             Бейбітшілік жайлай берсін жер бетін,
             Туы мәңгі желбіресін Жеңістің ,- деп тілеймін Алладан.


5 "А" сынып оқушысы Берік Айсана


Ардагер атама хат!

  Құрметті ата! Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз қалай? Ауырмай жүрсіз бе? Мен сіздің немереңіз – Айым.
  Хал-жағдайыңызды білу үшін осы хатты жазып отырмын.Біз сіздердің ауырмағандарыңызды тілейміз. Ата, көп жасаңыз! Ұзақ өмір сүріңіз! Бізде бәрі жақсы. Күн нұры жерге жылу мен жарығын аямай төгіп тұрады. А
спан ашық.Күн жылына бастады.  Әдемі гүлдер өсіп жатыр. Осындай алаңсыз бақытты өмірге жеткізген сіздер. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ер-азаматтармен бірге қолдарына қару алып, жаумен шайқасып, ерлік көрсеттіңіз. «Жеңіс – ол бүкіл халықтың ерлігі». Себебі майданға нан да, ет те, киім-кешек, қару-жарақ толлассыз керек болды. Осының бәрімен әскерді қамтамасыз ету үшін қарттар мен әйелдер, буыны қатпаған балалар шамадан тыс еңбек етті. Соғыс жылдары сүйген жарынан ,ұлдарынан айырылып, аңырап қалған әжелер, апалар жесірліктің ащы дәмін тапты. Соған қарамастан, отағасына деген аяулы махаббатын сақтап қалды, балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірді, азамат етті, ел қатарына қосты.         Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлердің қанымен, тылдағы аналарымыздың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді. «Соғыс» деген суық хабар жеткен күннен бастап ,қазақ халқы майданда да, тылда да ерлік көрсетті. Қазір Қазақстан -тәуелсіз ел, ешқандай соғыс, терроризм жоқ. Соғыстың қандай зардап әкелетінін терең түсіндім. Сіздің майданда жасаған ерліктеріңізді әр уақытта құрметтейміз. Сіз бізге жауды жеңе отырып, өмір сыйладыңыз. Сондықтан да біз сізге көп-көп рахмет айтамыз. Бізге ашық аспанның астында жарқын өмір сыйладыңыз. Сондықтан да,Ата, мен сізді мақтан тұтамын.
Сізбен мақтанамын, әрқашанда ауырмаңыз, де
нсаулығыңыз сау болсын!        
Сізге хат жазушы
- немереңіз Айым.

                                                                                                              5 "А" сынып оқушысы Ғалым Айым


Әлия Молдағұлова рухына

     Астанада сізге арнап ескерткіш қойылыпты.  Мен сіздің Астанадағы ескерткішіңізге  бардым.  Сіз сондай жап-жас, әдемі екенсіз. Қасыңыздағы саябақта жастар күліп-әзілдесіп, кішкентай балалар алаңсыз ойнап жүрді. Ал сіз биіктен қарап тұрсыз. Еріксіз сіздің балалық шағыңызды, жастық дәуіріңізді көз алдыма елестеттім. Жас кезіңізде қолыңызға ауыр қару көтеріп, мұз жастанып, қар кешіп, еліңізді жаудан қорғадыңыз. Қорықпай,өлімге қарсы беттедіңіз. Бұндай ерлік Отанын суйген адамның ғана қолынан келеді. Сізге басымды ие отырып, соғыстан қорғап калған көп бүлдіршіндеріңіздің бірі ретінде әруағыңызға тағзым еттім. Ерлігіңізді, қайсарлығыңызды, батырлығыңызды   ешқашан ұмытпаймыз.

5«а» сынып оқушысы Қабылда Луиза

 

Letter  for  veterans  
 
  
 Hello , dear veterans !First of all I would like to thank you very much for the protection of our homeland from the German invaders and rescue our people from Nazi slavery. Spilled a lot of blood , killing many people , but in spite of it all , you did not give up cruel enemies , not downhearted in the crucible of war , and defended our country . A natural result of your hardship, your sleepless nights , your unparalleled courage was the Great Victory May 9, 1945 . On this beautiful spring day, the grateful descendants remember all those who did not return from the battlefield, they bring flowers to the grave of the Unknown Soldier. And let not know the names of those who lie beneath these granite slabs , but their feat accomplished in the name of all mankind, the whole world knows !

                          4 “B” grade Kydirbaeva Kamila



Ардагерлерге хат

    Сәлем хат! Қолыма қалам алып батыр ардагерлерімізге хат жазып отырмын. 
  Міне, Ұлы Отан соғысына 69 жыл толды. Ұлы Отан соғысында қазақ жерінің қаншама азаматтары мен азаматшаларымыз қазақ елін, қазақ жерін сақтап қалуды мақсат етіп, ерлігімен шайқасты. Сонау, Ұлы Отан соғысында қандар дариядай ақты, оқтар жаңбырдай жауды. Сол жылдары жан түршігерлік жағдайлар болды, Сіздер сондай жағдайға қарамастан ерлікпенен жеңіске жеттіңіздер.
  Сіздерге алғысымыз шексіз. Мәскеу үшін шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қазақ жерінің Кеңес одағының қаһарманы, батыры, белгілі жазушымыз Бапуыржан Момышұлы былай деп жазған еді:
«Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік». 
  Сол соғыс жылдарды еске алатын болсақ, көзімізге жас келеді. Сіздерден біз жастар үлгі аламыз. Отанға деген сүйіспеншілігіміз шексіз. Біз сіздердей ардагерлеріміз болғанына мақтан етеміз.

8 "Ә" сынып оқушысы Сағыпаз Айгерім


              
  Ардагерге хат

   Аса қадірлі, ардагер ата! Сізді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құтықтаймын. Биыл Ұлы Отан соғысының деңіспен аяқталғанына 69 жыл өтіпті.
   Бұл Жеңіс – сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігін, қайсарлығын, батырлығын, отансүйгіштігін паш ететін, тарихта мәңгілік алтын әріппен жазылып қалатын күн. Мен Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқыдым. Фильмдерді көрдім. 
    1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық ауыр кезең болды. Адамзат тарихындағы ең сұрақыл, ең жайқын соғыс болды. Кеңес Одағындағы 15 одақтас республика халқының бірлігінің арқасында және солардың айбынды білек, жеңіске деген нық енімдері мен ерен ерліктерінің арқасында жау жеңіліп, Жеңіс туы желбірегенін білеміз. Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өз үлесін қосты. Миллионнан астам қандастарымыз майданға аттанды. Оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Бұл – ұлкен көрсеткіш. Осы туралы білгенімде менің де кеудемді ұлттық мақтаныш сезімі кернеді. Бұл Жеңіс – батыр-ерлеріміздің жанымен, қанымен, маңдай терімен, көз жасымен туған  жердің топырағын жауға таптатпай, күнді күн ұрып, түнді түн ұрып жүріп жеткен Ұлы Жеңіс. Ал, Ұлы Жеңіс – Ұлы мереке! Сондықтанда сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Алла дендеріңізге саулық, бойларыңызға күш-қуат берсін. Алланың уысындағы өмірлеріңіз ұзағынан болсын деп тілеймін, шәкірттік жүрекпен. 
    Сіздердің тарих шежіресіне алтын әріппен жазылып қалған ерлік істеріңіз бен қаһармандықтарыңыз біздер үшін өшпес өнеге. Ерліктеріңізге мәңгілік тағзым!   

                                                                                                       5 «А» сынып  оқушысы Нұрғали Ерсін