Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Наурызды зерттеу №1


   Жылдың басы, мүшел басы көбінесе наурыз айы, яғни күн мен түннің жазғытұрғы, көктемдегі теңелуінен басталады. Ол теңеліс біздің заманымызда март айының 20-сы күндерінде болады. Бұл наурыз жұлдыз есебі бойынша сәуір айына дәл келеді. Бірақ табиғатта өзгермейтін нәрсе жоқ, осы да өзгереді. Басқаша айтқанда күн мен түннің теңелісі наурыз бен сәуір жұлдызы үнемі дәл келіп тұра бермейді. Жұлдыздар қатары жылжымай тұра береді. Наурыз, яғни теңеліс күні жылжиды. Сол жылжыстың арқасында наурыз бір замандарда бір белдеу (зодиак) жұлдыздарға дәл келсе, екінші заманда басқа бір жұлдыз тобына дәл келеді. Міне, жылдың кезектесуі, жылға кірген жануарлардың кезектесуі деген мәселені осыдан деп білу керек. Бұл кезектесу неше жылда бір болады, басқаша айтқанда жыл басының сайлауы неше жылда бір өткізіледі, немесе наурыздың жылжу шапшаңдығы қандай? Осының өзі аса қиын есеп.
   Алдымен наурыздың жылжу себебін түсінейік. Күн мен түннің теңелуі (наурыз) деген сөз. Күн мен Айдың (жердің) жүріс жолдарының қиылысуы болып табылады. Ұлы жолдардың тоғысқан торабы сол. Наурыз жылжыған дегенде жылжитыны сол тоғыс нүктесі. Оның жылжу себебі жердің айналыс білігінің (кіндігінің) ауытқуынан яғни бағытының өзгеруінен. Айналмалы заттың білігі ауытқиды деген түсінікті айналдырған зырылдауықтың білігінен көруге болады.
 
     
Зырылдауықты алғашқы айналдырып жіберген бетте оның білігі тік қалыпында болады. Аздан соң ол білік тік қалпын өзгертіп, бір жағына қарай тартып қисаяды. Қисаю себебі оны жердің тартуы, құлауға бейімделу ғой. Бірақ ол қисайғанымен құлап кете қоймайды, өйткені оның айналыс екпіні бар. Сонымен зырылдауық білігі теңселіп, шайқақтай жүріп айналатын болады. Зырылдауық білігінің сол кездегі айналыс жолын қарасақ, шошақ қос (конус) тәрізді болады.
 
      Осы конустың кішісі бар және үлкені бар. Жердің білігі осындай конус бойынша жылжиды. Осы жылжудың арқасында айтылған теңеліс нүктесі де жылжиды. Жұлдыздардың кезектесіп келіп отыру осымен байланысты. Жер білігінің үлкен конусты бойлап бір айналып шығуына 26000 жыл керек. Сонда теңеліс (наурыз) нүктесінің бір белдеу жұлдызынан екінші белдеу жұлдызына ауысуы үшін қанша жыл керек болады. Ол үшін жоғарыдағы білік айналыс жыл санын белдеу жұлдыз санына бөлу керек. Яғни 26000 бөлу 12 ге, орта есеппен болады 2170 жыл шамасы. Демек, жыл басы наурыздың бір жұлдыздан екінші жұлдызға ауысуы үшін 2170 жыл керек. Осы бойынша бірер жорамал жасап қарайық.
Біздің жыл санауымыз бойынша сиыр (тышқаннан кейінгі) 2-жыл, жылқы 7-жыл. Екеуінің арасында 5 жыл (5 жұлдыз) бар. Олардың бірінің орнын бірі алуы үшін 2170*5=10850 жыл керек. Демек, 10-11 мың жыл шамасы бұрын жыл басы наурыз жылқы жұлдызына келген. Ол кезде қыс болмаған деген қорытынды шығаруға болады. Оны қалай түсінеміз. Қыс болмауының екі түрлі себебі болуға мүмкін. Біріншіден, жер кіндігі (полюс) өзгеріп отыруы мүмкін. Мүмкін, біздің осы жерлерімізде бұрын қыс болмаған шығар. Екіншіден, біздің халқымыз бұрын қыс болмаған жерде болып, кейін осылай ауысқан шығар. Он мың жыл ішінде не болмайды дейсіз.

 

 

Ақжан Машанов «Әл-Фараби» тарихи-деректі кітап, «Жазушы» баспасы, 1970