Мектеп жаңалықтары
Қайырымдылық жүректен
Қазақ халқы қай заманда да, жетімі мен жесірін жылатпаған халық. Осы қағиданы ұстана отырып, тағдырдың тауқыметі мен тәлкегіне ұшыраған інім - Бейсенбай Ақжанды қамқорлығымызға алдық. Көп балалы отбасы болғанымызға қарамастан, алдағы орын алуы мүмкін қиыншылықтар мен әртүрлі жағдайлардың қорқынышынан біздің адамгершілік парызымыз бен баланың жүрегіне жылулық ұялатып, өмірге деген құштарлығын жоғалтпауға қол ұшын беру жолындағы ізгі сезімдеріміз жоғары тұрды.
Қамқоршылықты мен өз басым жеке отбасының жағдайы деп қабылдаппын, бірақ Қамқоршы аталғаннан бері туыстар мен таныстарымыздың жылы ілтипаттарын сезініп жүрмін және мемлекет тарапынан да, еліміздегі жетім балаларға жақсы әлеуметтік көмек көрсетілетініне көзім жетті.
Сонымен қатар, балаларымыз білім алып, Аубакирова Шынар Айдархановна басқарып отырған 71 мектеп-лицейінде 29 қазан «Камқоршылар күніне» орай ізгі іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі және бастауыш сыныптары қазақ бөлімінің ата-аналарының демеушілігімен ұйымдастырылған шарада, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садуақасова Айнагүл Көпжасарқызы және тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Бұсұрман Шынар Айтмұхаметқызы бізге жылы лебіздерін айта келе, алгыс хатты табыстап, мектебіміздің қамқорлықта бала тәрбиелеп отырған бірнеше ата-анаға азық-түлік, ет-сүт өнімдері және химиялық тауарлар сыйға берілді.
Аталған шараның басы-қасында болып, ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп жүрген мектептің әлеуметтік педагогы - Саденова Лайла Абдигалиевна және мектеп әкімшілігіне ерекше құрметпен алғыс білдіремін!
Ізгі тілекпен: Қамқоршы- Монтайбаева Алтынай Амангелдіқызы
Просмотров: 709