Мектеп жаңалықтары
ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
Нұр-Сұлтан қаласы 71 мектеп-лицейінде "Парасаттылық деген не?" тақырыбында 9-11 сыныптарда сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағаттарын арнайы "ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік құқықтың бас кеңесшісі Туманбаев Арсен Абаевич, Әбжан Ғани орыс, қазақ тілінде семинар өткізді.
Парасатты азамат дегеніміз-қоғамның сенімді және заңға бағынышты мүшесі, арам ойы жоқ, ниеті мен ойы таза, парасат-пайымы бар азамат.
✅Қалай ойлайсыз, жақсылық дегеніміз не?
✅ Неліктен адамдар бүгінде жақсылық жасамайды?
✅Неге адамдар игі істер жасаудан қорқады? деген сұрақтарға 11"б" сынып оқушылары Асылхан, Әділет деген оқушылар жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Жастар Қазақстан болашағының негізі қозғаушы күші. Мейірімділік, адалдық, әділеттілік, сенімнен басқа, парасаттылық басқаларға деген адалдықты қамтиды, бірақ қатал шындық емес, өйткені бастысы - біреудің сезімдеріне зиян тигізбеу. Парасатты адам сатқындыққа, зұлымдыққа, агрессияға және басқа да өнегесіз әрекеттерге, сезімдерге қабілетті емес. Ол өз әрекетінде парасаттылық қағидалары мен жақсылық ережелерін қолданады, мысалға:
• Досыңмен бөліс
• Адамдарға көмектес
• Әлсіз адамды қорға
• Қызғанба
• Өзгелердің қателіктерін кешір.