Мектеп жаңалықтары
«Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді
29.04.2019 жылы №71 мектеп-лицейінде Қазақстан халқы 1-мамыр бірлік-ынтымақ күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған мектебіміз үшін бұл мейрамның орны ерекше. Мерекеге 12 ұлттың атынан, барлық 5- сыныптың оқушылары қатысып, іс-шара барысында әр ұлт өздерін таныстырып, «Достық» атты бір шаңырақ астында шоғырланған әрбір ұлттық –мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, дәстүр-салттары көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық тағамдарын да дәмді етіп дайындалды. Оқушылар өздерінің ұлтшылдығын білдіре отырып, іс-шараға белсенді қатысты.


Просмотров: 633