Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

ЭКО күн жобасы

    2019 жылдың 13 наурызында №71 мектеп-лицейінде ЭКО күн жобасы аясында оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы зерттеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Мектеп-оқушыларға экологиялық білім беру аймағы» атты қалалық іс-шара өтті. Аталған іс шараға Астана қаласының білім басқармасының өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қонақ болып келді. 
      Іс-шарада қоғамдық маңызды инциативтарды дамыту қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцан ханым және білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Исематова Ақбота Бақытқызы және мектеп директоры Аубакирова Шынар Айдархановна сөз сөйледі. 
         Эко күн жобасы аясында мектебімізде түрлі формадағы іс-шаралар өтті: Экологиялық із: «Magic Garden», «Ландшафт дизайн» , «Эко парк» , көрме: «Қалдық та кәдеге жарайды», ғылыми жұмыстар: «Денсаулық экологиясы», экологиялық квесттер: «Save the planet», «Разделяй и побеждай» ;дебат: «Город, который смог»; экологиялық викторина: «Экологический портрет нашего общества»; экологиялық қобдиша: «Что? Где? Когда?» ;кіріктірілген сабақ: «Байтерек-древо жизни», сайыс: «Ecological problems» .
        Бүкіл іс-шараларға оқушылар белсене қатысып жоғарғы деңгейде өтті. Қорытындысы флешмобтармен және мектеп оқушыларының өз қолдарымен түрлі қоқыс қалдықтарынан жасаған көйлек дизайндарының дефилесімен аяқталды. Келген қонақтар керемет әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымын, оқушыларды құттықтап алғыстарын білдірді. 















Просмотров: 447

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь