Мектеп жаңалықтары
Астана қаласы №71 мектеп-лицейіндегі 29.09.15 ж Ардагерлер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ардагерлер – абзал жандар» атты іс-шара жөнінде
Астана қаласы №71 мектеп-лицейіндегі 29.09.15 ж Ардагерлер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ардагерлер – абзал жандар» атты іс-шара жөнінде
АҚПАРАТ
Мақсаты: Жалпы, ардагер – ұстаздардарды мерейлі мерекесімен құттықтау, олардың ерен еңбектерін қазіргі жастарға үлгі ету, насихаттау.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы және қалалық кәсіподақ ұйымының басшысы Наурызбаева Балсұлу Мұзаппарқызының қолдауымен 2015 жылдың 29 қыркүйегінде Астана қаласы №71 мектеп – лицейінде «Ардагерлер - абзал жандар» атты қалалық ардагер - ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтау мақсатында іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға қаламыздың білім беру саласына еңбегі сіңген 35-40 шақты ардагер ұстаздар шақырылды.
№71 мектеп – лицейі ұжымының ұйымдастыруы бойынша мектеп – лицей директоры Аубакирова Шынар Айдарханқызының бастауымен ардагерлерге мектепішілік экскурсия жасалып, ардагерлер мектептің қысқы саябағында отырып өзара пікір алмасты, мектепішілік серуен кітапханаға шолу жасаумен жалғасын тапты. Кітапханашы Ахметова Нурсулу Хамитовна ардагерлерді құттықтап кітапханадағы көрмелермен таныстырды.
Қонақтар кітапханадан кейін арнайы безендірілген акт залында жасалған дастарханға шақырылды.Алдарына тартылған дәмнен ала отырып, қонақтар мектеп оқушыларының дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалады.
Ардагер – ұстаздарды айтулы мерекесімен құттықтау сөзі Білім басқармасының басшысы Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына берілді. Білім мекемелері қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподақ ұйымының төрайымы Наурызбаева Балсұлу Мұзаппарқызы ардагерлерге құттықтау лебізін білдіріп сый – сияпатын табыс етті.
Іс – шараның соңына қарай ардагерлер сөз алып, Білім басқармасына, Кәсіподақ ұйымына және мектеп әкімшілігіне алғыстарын жаудырды.
Іс – шара өз деңгейінде өтті.