Мектеп жаңалықтары
«Оқушылардың азаматтық білім мен тәрбиесінде денсаулық сақтауды қолдау»
Астана қаласы №71 мектеп лицейінде 25 қазан күні «Оқушылардың азаматтық білім мен тәрбиесінде денсаулық сақтауды қолдау» экологиялық эксперимент аясында экологиялық іс-шара өтті. Экологиялық іс-шараның тақырыбы: «Адам мен табиғаттың үндестігі».Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты табиғатты аялауға, қорғауға бағыттау.Оқушылардың жас ерекшелігіне қарамай,олардың арасында экологиялық мәдениеттілікті насихаттау және жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға мектептің эксперименттік бағытта жұмыс жасайтын оқушылары қатысты. Эксперимент алаңының жауапты жетекшілері: биология және география пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлфарида Тайжанқызы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сүлейменова Аймереке Самалбекқызы іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.Эколгогиялық бағытты қолдау жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Оған ұстаздар қауымы ғана емес, өз жерін, өз елін сүйетін әрбір Қазақстан азаматы атсалысу қажет.
Просмотров: 434