Мектеп жаңалықтары
Астана қаласы № 71 мектеп-лицейі Елбасының жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өткізілген іс-шара
Мектеп-лицейінде төрт 11 сынып түлектері оқиды. Оқу жылының бірінші күні Білім күніне арналған тақырып «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»бойынша Әлкей Марғұлан атындағы институт филиалының директоры, профессор және тарих ғылымының докторы Самашев Зейнолла Самашевичпен, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасымен Америка құрама штатында және Ұлыбританияда оқып келген түлектер - Жуптанхан Айбек пен Еселбекова Гайнимен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар қазіргі таңда елімізде білім деңгейінің қаншалықты дамып келе жатқандығы туралы сұрақтар қойды. Елбасының жолдауы туралы айтылып өтті.
![]() |
![]() |
Әлкей Марғұлан атындағы институт филиалының директоры, профессор және тарих ғылымының докторыСамашев Зейнолла Самашевич. «Болашақ» бағдарламасымен Америка құрама штатында және Ұлыбританияда оқып келген түлектер - Жуптанхан Айбек пен Еселбекова Гайни.
![]() |
![]() |
Қонақтарымызбен бірге мектебімізді мақтанышы –кітапханада.