Мектеп жаңалықтары
Қош келдің, Әз Наурыз!
Ата-бабамыз көктем мейрамы – Әз Наурызды ақ түйенің қарны жарылған күн дейді. Қазақ жұрты үшін жыл басы саналатын ұлыстың ұлы күнін №71 мектеп-лицей оқушылары үлкен қуанышпен атап өтті. № 71 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сулкеева Наурыз мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырды.18 наурыз күні сыныптар ауыл-ауылға бөлініп, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Сүйінбай ауылы «Сырға салу» дәстүрін көрсетті. Бөгенбай ауылы «Келін түсіру» салтын көрсетсе, Жиренше ауылы «Қыз ұзату» дәстүрін көрсетті. Жылдағы дәстүрге сай мұнда ақ дастарқан жайылып, үстел үсті ұлттық тағамдарға толды. Сары уыз, бауырсақ, құймақ сынды қадірлі астан ауыз тию құрметі мұғалімдерге, ата-аналарға бұйырды. Мақсатымыз - бүлдіршіндерді қазақ салт-дәстүріне үйрету. Оқушылармен бірге ата-аналар да ат салысты.
Жамбыл ауылы «Бесікке салу» дәстүрі |
«Құда түсу» дәстүрі |
«Сырға салу» дәстүрі |
«Қыз ұзату» дәстүрі | «Келін түсіру» дәстүрі |