Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Сыр сандықты ашып қара»

06.12.2015
Просмотров: 416
Қалалық деңгейде Астана қалалық дәстүрлі Сәкен оқулары байқауында «Сыр сандықты ашып қара» номинациясында 8 ә сынып оқушысы Толеген Санжар ДИПЛОМмен жетекшісі Тустикбаева Айгерім Сакбаевна марапатталды.
Толығырақ >>

«Ерекше жұмыстары үшін»

06.12.2015
Просмотров: 475
Білім басқармасының қолдауымен «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы бойынша жаңа технологиялар» атты бейнелеу, технология және сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы педагогтарына арналған қалалық байқауында «Ерекше жұмыстары үшін» Еңбек пәні мұғалімі Бейсенбек Темиржанов ДИПЛОМмен марапатталды.
Толығырақ >>

«Балбөбек – Жас Дәурен»

06.12.2015
Просмотров: 509
Қалалық деңгейдегі«Балбөбек – Жас Дәурен» атты Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ашық қалалық фестиваліне қатысқаны үшін 6 ә сынып оқушысы Турашева Жасмина ДИПЛОМмен марапатталды.
Толығырақ >>

«Жайдарлы жастық шақ»

06.12.2015
Просмотров: 456
Жас Отан Жастар қалалық Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен Астана қаласының мектеп оқушыларының арасында «Жайдарлы жастық шақ» атты КВН фестивалінде ерекше өнер көрсеткені үшін 7-9 сынып оқушыларынан құрылған «Жағалау жастары» командасы СЕРТИФИКАТпен марапатталды
Толығырақ >>

«Батырлар жыры – ұлт руханиятының өзегі»

06.12.2015
Просмотров: 499
Астана қалалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Батырлар жыры – ұлт руханиятының өзегі» атты батырлар жырында 2 дәрежелі диплом және сертификатпен қазақ тілі пәні мұғалімдері Шүкірбек Тұрсын Оңалбекқызы және Байшораева Гулзада Рахмонқызы оқушылары 10 «А» Айтжанова Диана, Аринова Еркенұр, 6 «А» Таңсық Аманайлар марапатталды.
Толығырақ >>

ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «ЕлінсүйгенЕлбасы» және Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.

03.12.2015
Просмотров: 489
03.12.15ж №71 мектеп-лицей қабырғасында ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «ЕлінсүйгенЕлбасы» және Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Балалар ұйымы баланың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына, оның белсенді азаматтық ұстанымына, адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына, ар-ожданының қалыптасуына, саяси және құқықтық мәдениетке баулуға, өзіндік танымы мен азаматтық белсенділігін танытуға ерекше ықпал етеді.
Толығырақ >>

САЙЛАУ

30.11.2015
Просмотров: 484
2015 жылдың 20-30 қараша аралығында «Тұңғыш Президент күніне» орай мектепішілік көлемде «Мектеп ұланбасын» сайлау өткізілген болатын. Ұланбасына мектебімізден 4 оқушы өздерінің кандидатураларын ұсынды. Олар 10 «А» сынып оқушылары Ахметбеков Жарас, Максутов Бакдаулет, Бейсембай Азамат және 10 «Ә» сынып оқушысы Байжанов Темирлан. Сайлауда басым дауыспен үміткер - 10 «Ә» сынып оқушысы БАЙЖАНОВ ТЕМИРЛАН жеңіске жетті.
Толығырақ >>

САПТҮЗЕУ

30.11.2015
Просмотров: 444
№71 мектеп-лицейінде2015 жылдың 30 қарашасында І-ауысымда және ІІ ауысымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – кемеңгер көшбасшысы» тақырыптық сап түзеу өткізілді. Оқушылар Қазақстан еліне сүйіспеншіліктерін, Отанға деген махаббаттарын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаны туралы маңызды жайттарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, әр сыныпта тәрбиелік сынып сағаттарында Президентіміздің балалық шағы, отбасы сондай-ақ алғаш қызмет жасаған жұмыс орындары туралы оқушыларға мағлұмат берілді. Сондай ашық тәрбиелік сынып сағаты Г Б
Толығырақ >>

Астана қаласы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми практикалық орталығы» ұйымдастыруымен 27 қараша күні №76МЛ ХІІІ қалалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі өтті.

28.11.2015
Просмотров: 1010
Астана қаласы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми практикалық орталығы» ұйымдастыруымен 27 қараша күні №76МЛ ХІІІ қалалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Фестиваль төрт бағыт бойынша өтті. Қоғамдық-гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану, практикалық психолог бағыты . №71 мектеп-лицейінен төрт бағыт бойынша төмендегі мұғалімдер қатысты.
Толығырақ >>

ЖҚТБ –СПИД

25.11.2015
Просмотров: 433
Астана қаласы Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 10-25 қараша аралығында «ЖҚТБ-ға қарсы күреспен сақтандыру орталығы» 8-11 сыныптар арасында сурет байқауын ұйымдастырған болатын. Бұл байқауға мектеп оқушылары белсене ат салысты. Соның нәтижесінде 9 «В» сынып оқушысы Д Мартынова 3 орынды иемденді.
Толығырақ >>