Қамқорлық қайырымдылық акциясы
Астана қаласындағы№ 71 мектеп-лицейіндегі «Қамқорлық» қайырымдылық
акциясы кезінде жүргізілген іс-шаралар жөніндегі мәлімет.2013-2014 оқу жылы.
Акция мақсаты: күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған , Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.
Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
Қазақстан Респубикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 04-09/13 хатына сәйкес мектебімізде 2014 жылдың 10.01.-10.02 арасында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізілді. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды.
Жасалған акция бұрышына «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қатысты мәліметтер ілінді.
Бұл өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдерінің түгел қатысуымен өткізілді. Өздеріне тиісті шағын аудандарды, яғни 16 көше,39 үйді ,50 мұғалім аралап мектептен тыс қалған балаларды анықтады. Акция барысында көп балалы отбасы, аз қамтылған жанұядан шыққан оқушылар тізімі жаңартылып, қайта құрылды. «Қамқорлық» акциясы аясында 94 оқушы көп балалы жанұядан шыққан, 11 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан, 3 жетім (қамқорлыққа алынған)оқушылар тізімі жасалды. Акция жоспары ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды.
Осы акция барысында мектептің жетім және асыраушысынан айырылған, аз қамтылған отбасынан шыққан, көп балалы жанұядан шыққан оқушыарды қолдау мақсатында балаларды татулыққа, жанашарлыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Әлемге мейірімді көзбен»,«Ата-ана және бала тәрбиесі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Жалпы оқыту қорынан қазан айында қамқорлыққа алынған Алин Мадияр 11 сынып ,
Шайхина Бибинұр 9 сынып, Зарафидден Алтынай 7 сынып оқушысына жалпы оқу қорынан 87 мың теңгеге сұраныстары бойынша қысқы киімдермен аяқ киімдер мен қамтамасыз етілді.
Бұған қоса, мектептегі (жетім) қамқорлықтағы балалар, көп балалы , аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар күніне бір рет 5 күн асханадан тегін ыстық тамақ ішеді. Автобуста жол жүру айлық билетімен ай сайын қамтамасыз етіледі.
№163 специфика бойынша мектеп тарапынан барлық мектепішілік есепте тұрған 108 оқушыға Жаңа жыл мерекесіне қарсы тәтті сыйлықтар таратылды., осы сыйлықтарға
110 000 теңге көлемінде жұмсалды.
Қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы негізінде мектеп тарапынан 3 жетім (қамқорлықтағы ) балаларға, қысқы туфли,шұлықтар, кофта, шалбар, спорттық киім,юбка, блузка,джинсы, колготкилер, трико өздері сұраныс жасаған барлық киімдермен қамтамасыз етілді,барлығына 60 мың қаржы жұмсалды.
«Қамқорлық» акциясы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға Боромбаева Айгеримге (7 сынып), Боромбаев Асылжанға (5 сынып), Бекенов Замирге (5 сынып) жеке кәсіпкер Саденова Гүлжанат Абдигалиевна демеушілік қолдау жасап, 30 мың теңгеге қысқы аяқ киімдермен заттай көмек көрсетті.
Сонымен қатар Балалар құқығын қорғау басқармасымен бірлесе отырып, «Дара» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға Бекенов Замирге (5 сынып), Малгаждарова Камилаға (6 сынып ) қысқы куртка мен жылы тақия сыйға тартты.
Жалпы оқыту қорынан мектеп тарапынан барлық мектепішілік есепте тұрған (әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы, жетім, мүгедек балаларға) 108 оқушыға Жаңа жыл мерекесіне қарсы тәтті сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар сабақты көп қалдырған Атығаевтарға, Жетпісбаевтарға, Коноплевтарға және Айтбаеваға комиссия құрылып,отбасының тұрмыс жағдайын тексеру актісі жасалынды.Мектепішілік және қалалық есепке тіркелді.
Мектебімізде қаңтар айында 5-10 сыныптар арасында « Қамқор бола білейік »атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға 5-10 сыныптар белсене қатысты. Жәрмеңкеде оқушылардың қолдан пісірілген түрлі үй тағамдары сатылды. Қорға жалпы саны
24000 теңгені құрайтын ақша жиналды.
Жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
Акцияға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байзак Айгерім (1000 тг), 4 «ә» сынып оқушысы Нурбекова Анельдің анасы 2000 теңге,3 «ә» сынып ата-анасы Игілікова Сәндігүл Жақсылыққызы 3000 теңге ақшалай көмек көрсетті. Атап айтсақ, акцияға белсенділік танытқан сыныптарды атап айтуға болады. Олар 1а,1ә,0б,3а, 3ә,4б сыныптардың ата-аналары киілген киім-кешектер мен азық-түліктер әкеліп,өз үлестерін қосты.Осы қайырымдылық акциясына белсене қатысқан сыныптармен ата-аналарға саптық жиында алғыс хаттар мен марапатталды.
Барлығы қаңтар айында №163 специфика бойынша барлығы жұмсалған соммасы
383 500 теңгені құрайды.
Орындаған: әлеуметтік педагог Саденова Л.А.
Қайырымдылық акциясы
![]() |
![]() |