Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Әлеуметтік педагогтың жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылында
атқарған  I жартыжылдық  жұмысының есебі

 Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау

 Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары.

 Оқушылардың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ:

 Мектептің әлеуметтік төлқұжаты

2013-2014 оқу жылына. №71 мектеп-лицейі. ( 3 тоқсан  басында)

 

Жалпы оқушы саны 0-11

1144

Жалпы оқушы саны 1-11

1034

Бастауыш сыныптар 1-4

514

Көп балалы жанұядан шыққан оқушылар саны

93

Аз қамтылған жанұядағы бала саны

11

Жетім балалар саны

3

Мүгедек балалар саны

6

Оралман балалар саны

6

Тегін тамақ ішетін балалар  саны 0-4

624

Тегін тамақ ішетіндер саны- 5-11

24

Мектепте тегін тамақтанатын  оқушылар саны

648


 1) Оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды. Барлық көп балалы отбасының саны 93-ке  жетті.
2) Қазан айында көп балалы отбасынан шыққан балалар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, қамқорлыққа алынған балалардың құжаттары және әлеуметтік педагогтың құжаттар номенклатурасы қайта қаралып реттелді. Ата-аналарға құжаттардың жетпеген түрлерін қайта жинақтау үшін құжаттар тізімі берілді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2011 жылғы 11 шілдедегі №12-2-02/2422 хатына сәйкес және Астана қаласының Білім басқармасының 2011 жылғы 11 шілдедегі №12-2-02/2422 бұйрығы негізінде мектебімізде жалпыға міндетті оқумен қамтудың кезекті қалалық айлығы мен «Мектепке жол» акциясы 2011 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында болып өтті. Осыған орай мектепте жалпыға міндетті оқумен қамтудың кезекті қалалық айлығы мен «Мектепке жол» акциясына бұйрық шығарылып, сол бұйрық негізінде жоспар құрылып, бекітілді.
Қазан айының соңында қамқорлыққа алынған Алин Мадияр 11 сынып ,  Шайхина Бибинұр 9 сынып, Зарафидден Алтынай  7 сынып оқушысына жалпы оқу қорынан 87 мың теңгеге сұраныстары бойынша қысқы киімдермен аяқ киімдер мен қамтамасыз етілді.
           Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру.
            Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді.
Қазіргі кезде мектебімізде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан құжат бойынша 104 оқушы білім алуда.
Олардың ата-анасынан айырылған, қамқорлықтағы балалар – 3 оқушы,
аз қамтылған балалар-11, мүгедек  балалар саны- 6 .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы
№ 173 қаулысына сәйкес мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Бұған қоса, мектептегі (жетім) қамқорлықтағы балалар, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар күніне бір рет 5 күн  асханадан тегін ыстық тамақ ішеді. Автобуста жол жүру айлық билетімен ай сайын қамтамасыз етіледі.
20 желтоқсанда 2013 жылы өткен Президенттік  Жаңа жыл шыршасына аз қамтылған  көп балалы отбасынан шыққан оқушылар 5 «ә» сынып оқушысы Дюсенбекова Даяна мен 7 «ә» сынып оқушысы Бауыржан ұлы Қайрым  жолдама алды. Осы шыршада планшет, жұмсақ ойыншық, кітаптар және тәтті сыйлықтарға ие болды.
21 желтоқсан 2013 жылы  қала әкімі ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына
1 үздік оқитын оқушы (5 «а» сынып оқушысы Темірбаева Ақнұр), 1 аз қамтылған отбасынан шыққан (6 «ә» сынып оқушысы  Малгаждарова Камила) оқушылар қатысып, ұялы телефон мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Сонымен қатар 21 желтоқсан 2013 жылы Қоғамдық қордың ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына біздің мектебімізден көп балалы отбасынан шыққан оқушылар (Айман Асқарали 5 «ә»),(Төлеуғазы Салтанат 5 «а»),(Джусупова Ажар 3 «а»),(Орыналы Қарлығаш 6 «а») қатысып, сыйлықтарға ие болды.
29 желтоқсан 2013 жылы Есіл аудандық әкімі ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына үздік және аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан
20 оқушыға шақыру билеттері берілді, тәтті сыйлықтарға иеленді.
Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға Боромбаева Айгеримге (7 сынып), Боромбаев Асылжанға (5 сынып), Бекенов Замирге (5 сынып) жеке кәсіпкер Саденова Гүлжанат Абдигалиевна демеушілік қолдау жасап, 30 мың теңгеге қысқы аяқ киімдермен заттай көмек көрсетті.
Жалпы оқыту қорынан мектеп тарапынан  барлық мектепішілік есепте тұрған 108 оқушыға Жаңа жыл мерекесіне қарсы тәтті сыйлықтар таратылды.
 
 
 
Сонымен қатар сабақты көп қалдырған Атығаевтарға, Жетпісбаевтарға, Коноплевтарға және Айтбаеваға комиссия құрылып,отбасының тұрмыс жағдайын тексеру актісі жасалынды.
Қазақстан Респубикасының Білім және ғылым минстрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 04-09/13 хатына сәйкес мектебімізде «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылуда.
Акцияға байланысты мектепішілік бұйрық шығарылып, сол бұйрық негізінде жоспар жасалды. Қабырға  бұрышы ілінді.
Акция жалғасуда.(10.01-10.02.2014ж)
Акция мақсаты: күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен  отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған , Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.
Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
«Қамқорлық» акциясы негізінде мектеп тарапынан 3 жетім (қамқорлықтағы ) балаларға  костюм, шалбар, өздері сұраныс жасаған барлық  киімдермен қамтамасыз етілді.
 

Асхана жайлы есеп

Асхана оқушылар тамақтану үшін 220 орынға есептелген, буфет жұмыс істейді.
Асхана күніне  1144 бала қабылдайды, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары -514, 110  бала - даярлық тобынан,
2 жетім бала және 22-сі  көп балалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар  тегін тамақтанады.
Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 966, (83%)
оның ішінде 648 (67 %) бала тегін  ішеді.
Қалған 178 бала буфеттік тамақпен қамтамасыз етіледі.
 

  

 Әлеуметтік педагог                                 Саденова Л.А.

 

 
 

Мектептің әлеуметтік төлқұжаты

2013-2014 оқу жылына. №71 мектеп-лицейі.

( 3 тоқсан  басында)

 

Жалпы оқушы саны 0-11

1144

Жалпы оқушы саны 1-11

1034

Бастауыш сыныптар 1-4

514

Көп балалы жанұядан шыққан оқушылар саны

93

Аз қамтылған жанұядағы бала саны

11

Жетім балалар саны

3

Мүгедек балалар саны

6

Оралман балалар саны

6

Тегін тамақ ішетін балалар  саны 0-4

624

Тегін тамақ ішетіндер саны- 5-11

24

Мектепте тегін тамақтанатын  оқушылар саны

648

 

 Асхана жайлы есеп

Асхана оқушылар тамақтану үшін 220 орынға есептелген, буфет жұмыс істейді.

Асхана күніне  1144 бала қабылдайды, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары -514, 110  бала - даярлық тобынан,

2 жетім бала және 22-сі  көп балалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар  тегін тамақтанады.

Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны- 966, (83%)

оның ішінде 648- (67 %) бала тегін  ішеді.

Қалған 178 бала буфеттік тамақпен қамтамасыз етіледі.