Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ өтті.

2020 жылдың 1 ақпанда №71 мектеп-лицейінде «Біз біргеміз!» халықтық акциясы аясында мектеп ауласын қардан тазарту жұмысы өткізілді. Акцияға ерікті түрде 100 ге жуық ата-аналар, мектеп оқушылары және мектебіміздің түлектері қатысты. Сағат 11.00-де басталған шара "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей мектептің ауласын қардан тазарту жұмысы бірлікпен өтті. Үйілген қарды тау қопарғандай жым-жылас еткен әкелерімізге, жолды ашып, ерлермен бірге еңбек еткен аналарымызға,белсене қатысқан түлектерімізге мектептің барлық педагогикалық ұжымының атынан, мектеп әкімшілігі атынан алғыс айта отырып, отбасылық бақыт пен берекелі ғұмыр тілейміз!
Ер елімен көркейеді,
Жер ерімен көркейеді,-дегендей қалалық әкімінің орынбасары Кайсагалиев Алтынбек Кенесович ортамызға келіп, өзінің халықпен бірге екенін дәлелдеп, барлық ата-аналарымызды,ұстаздарымызды қолдап, "Біз біргеміз!" халықтық акциясына қатысты.



Просмотров: 411

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь