Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Жыл қайыру

«Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты».
Мәтел
 

Тышқан, сиыр, барыс

Әрі қарай бұдан

Қоян, ұлу, жылан.

Келесі бір көшін

Жылқы мен қой, мешін,

Тауық пен ит, доңыз

Он екі жыл деңіз.


-         Есте жоқ ескі бір заманда бір топ жануар жиналып жыл басы болуға таласыпты. Таластың аяғы келіп табиғи шартқа тоқтасады. Яғни жаңа жыл басталарда жыл белгісі көрінеді. Соны кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын деседі. Түйе, бойы ұзын болған соң, менен кім бұрын көрсін деп, бойына сеніп тұрады. Ал енді жылдың басы дегені не нәрсе?  Соған келейік, - деді бір адам топ ішінен.
-         Ұстаз болмаса, біз қайдан білейік?
-         Жыл басын есептеудің негізінде төрт түрі бар, - деді Фараби.
-         Бірі – күннің батуынан, бірі – шығуынан, бірі – түстен, бірі – түн ортасынан.
Күн батысымен көрінген белгілі нысана жұлдызды бақылайды және жаңа туған айды бақылайды, қысқасынан айтқанда тоғысты бақылайды. Көбінесе, бір немесе үш жаңасынан туған ай, наурыз айы, Үркермен тоғысса яғни Ай орағының алдына келсе, сол болады бір тоғыс, немесе үш тоғыс айы. Соны бақылап, жылдың басын сол бойынша белгілеу керек.
 Күннің шығуын бақыларда таң атқанда бақылау керек. Таңның атуы мен күннің шығуы арасында күнмен ілесе қандай жұлдыздың тобы көрінеді. Соны анықтау керек. Сонымен қатар қай планета туатыны да қоса бақылану керек. Мысалы таң Шолпан бар, соны бақылау керек. Сонымен қатар белгілі белдеу жұлдыздың дәл қайсысы, қандай жеке жұлдыз Күн шығар алдында көк жиектен көрінеді. Сол керек. Ондай жұлдыздар: Сүмбіле, Сириус, Әл-Дабран сияқтанған атақты жарық жұлдыздар болады.
Түннің ортасы болса Айдың ең жоғары көтерілген нүктесін бақылап, соның тұсындағы тоғысқан нысана жұлдызды белгілеу керек. Тал түстегі уақытты Күннің ең жоғары көтерілген нүктесі бойынша, соған сәйкес көлеңкенің ең кішірейген белгісі бойынша айырады.
 

Адамның он екі мүшесі он екі белдеу жұлдызға сәйкес және он екі жылдық мүшелдерге сәйкес:

Бас – хамал (қошқар) – тышқан;

Мойын – саур (өгіз) – сиыр;

Иық – жауза (егіз) – барыс;

Қолтық – жүрек тұсы – саратан (шаян) – қоян;

Білек – асад (арыстан) – ұлу;

Шынтақ – сүмбіле (бикеш) – жылан;

Бел – мизан (таразы) – жылқы;

Бұт – ғақрап (бүйі) – қой;

Сан – қаус (мерген) – мешін;

Тізе – жадди (серке) – тауық;

Балтыр – далу (көнек) – ит;

Табан – хұт (балық) – доңыз.



Біздің жыл басына таласқан жануарлар ертегісі бойынша осы есептердің ішінде бақыланған уақыт не іңір, не таң болу керек. Ертегідегі бойына сеніп тұрған түйенің өркешіне (немесе төбесіне) шығып алған тышқан жылды бұрын көріп, жыл басы сол болыпты. Сонан бері түйе жылдан қалды. Ол осы күнге дейін тышқанға кекті. Оның інін көрсе тарпып тастайды.


Ақжан Машанов «Әл-Фараби» тарихи-деректі кітап, «Жазушы» баспасы, 1970