Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Наурызды зерттеу №3


     Үшінші  үшкүлдің бұрыштары: 1-бұрыш: Барыс – Егіз – Бота. Бұл үш атаудың үшеуі де жүрісті, жолаушылықты меңзейтін сияқты. Барыс – бару, жол жүру, сонымен толық ай    тсақ жол барыс. Қол ұстасып жүріп бара жатқан екі адам түрінде суреттеледі, Егіз атты жұлдыздар. Бота (Меркурий – Гермес ол нағыз желмаядан туған бота (Айдың баласы) ретінде айтылады). Оның металы сипан яғни жүрдек, жел аяқтың өзі, хабаршы. Демек, бұл үшкіл жел үшкілі. Гермес – жүргіншілерге жол көрсетуші, бақташыға жәрдемші, қыдырып жүретін (қыдыр) жан ретінде айтылатын атау. Алпамыстың «сәрсенбінің сәтінде» аттанғаны есте болар. Олай болса «сәрсенбі» осы Гермес күні екені белгілі.

     2-бұрыш: Ит – Көнек – Шаншар. Бұл үшеуі де қазына мағынасында деп білуге болады. Ертеден келе жатқан ұғым бойынша ит жеті қазынаның бірі. Су құйған шүмек көнек бұл да, әрине, мереке «көктен жаудыр, жерден өндір» тілегі. Шаншар (Сатурн) Күнпатшаның кенже ұлы, қазына иесі болып саналады. Бұл арада оқушының есіне сала кететін бір керекті мәліметтер бар. Орта Азияда су иесі Анахита мен «Көнек» (Сушы) атты жұлдыз шоғы байланысты екені белгілі. Екінші жағынан Ніл өзенінің тасуы Мысыр елінде «Ит» жұлдызымен яғни Сириуспен байланыстыратыны мәлім. Демек, бұл арада «Көнек» пен «Ит» атаулары бір жерге келуі астрономия тарихында бір керекті оқиға. Бұл мәселе өз алдына зерттеуді керек етеді. Осылармен байланысты жоғарыда айтылған Қойқырылған обсерваториясының «Балықтар» жұлдыз шоғына бағытталғаны да есте болар. Өйткені балық ол да су бейнесі ғой.

    3-бұрыш: Жылқы – Таразы – Шолпан. Жылқы , әрине, жолдың көлігі. Шолпан мен бірінші бұрыштасы Бота бір тектес, бірге жүретін нәрсе, бұл да хабаршы, таң жұлдызы, жолшы жұлдызы. Шолпанның металы жез, жылқы-тұлпар жез тағалы, жел қабыз – жүйрік яғни жел үшкілін көрсетеді. Оның тұяғына ілінген Үркер жоғары ұша алмайды. Демек, ол қыс пен жазды теңгеріп ұстаушы таразы.


   Төртінші үшкілдің бұрыштары: 1-бұрыш: Жылан – Бикеш – Бота. Алдаушы да, алдандырушы да, қызық та осы бұрыштан басталады. Жаны көктен, тәні топырақтан жаралған адам табиғаты екі ұдайы бір жұмбақ сиқыр емес пе. Осы ойды аңғартатын талай кеңестер бар емес пе. Мысалы, жыланның улы тіліне алданған әйел ана Хауана бейіштен қуылып жерге келді емес пе. Басы адам (қыз),  аяғы жылан, үңгір ішін мекендеген патша туралы аңыздар да бар. Бір аңыз бойынша осындай бір әйел патшаға Өгізхан (Тарғитай - Геракл) үйленді деген бар емес пе. Осы әңгіме Геродот тарихында айтылады. Аспаннан түскен алты соха, жармамен жер жыртуды бастаған солардың балалары еді ғой. Бұл бұрыштағы Бота (Гермес) сырын жоғарыда келтірдік. Ол өзі адамға ғылым үйретуші, жасырын сырды білдіруші хабаршы дедік, сиқыршы дедік. Оның бұл өнерлері жоғарыда айтылған Жылан-Бикеш жөніндегі әңгімелерге қайшы келмейді, оны толықтыра түседі. Егін салумен бірге мал өсіру де керек. Бота жас төлдің қамқоршысы. Ол төлшіл, оның аты да Бота болып сонан қойылған.

2-бұрыш: Сиыр – Саур – Шолпан. Жыл аты Сиыр мен ай (жұлдыз) аты Сиыр (Саур) бір жерге келеді. Мұның өзі пар өгіз емес пе. Тарғитай (Өгізхан) балалары бірінші бұрыштағы көктен түскен жармаға осы екеуін жегіп, сохамен жер жыртқан болар... Сұлу Шолпан Бикеш қызбен дос болар. Сол айдап келіп берген болар оның балаларына көлікті. Жердің қыртысын қопарған сол өгіздер. Ендеше жерді көк өгіз көтеріп тұр.

3-бұрыш: Тауық – Серке – Шаншар. Бұл үшкілдің жоғарғы екі бұрышында шаруа, жер кәсібі түсінігін бұл бұрышта құптайды. Оларда егін, сиыр малдары болса, мұнда ешкі, тауық. Шаншар болса қазына иесі деп жоғарыда айтылды. Сол міндеті оның әлі де орынша: ол мұнда жер үшкілінің қазынасын көрсетеді. Ешкі тастан жаралған деген аңызға Серкенің жер үшкілінде болуы дәл келеді.

 

       Енді жыл басынан құры қалған «өкпеші түйеге» қайта оралайық. Қоян – Шаян – Ай үшкілін біз Түйе үшкілі деп дәлелдедік. Ал Тышқан болса, ол Ұлу – Арыстан – Күн үшкіліне кіреді. Бұл екеуінің біріне бірі қарсы екені айтылады. Сонымен Түйе мен Тышқанның араздығы да түсінікті. Бұл екі бұрыш нүктесінің арасы 900. Біреуі қыс ортасы болса, біреуі көктем (Наурыз), біреуі шілде болса, біреуі күзге теңеліс. Осымен байланысты бұрын есепті біреуі бойынша жүргізіп келіп, кейін екіншісі бойынша жүргізетін болса, жыл басына талас осыдан шықты деуге де болады. Бұлардан басқа тағы бір түсініктің жорамалын беруге болады. Ол жоғарыда айтылған өзімізге белгілі жер кіндігінің жылжуымен байланысты. Сол бойынша күн мен түннің теңгерілу нүктесі (Наурыз) орта есеппен алғанда 2170 жыл ішінде белдеу жұлдыздардың бір тобынан екінші тобына ауысады дедік. Осы бойынша есептеп қарасақ. Бір кезде жыл басы Қоян болған шығар. Бұл мәселені екінші бір жолмен түсінуге болады. Уақыт есептеудің екі жүйесі болғаны мәлім. Оның бірі Күн бойынша, бірі Ай бойынша.Осы екі жүйе әр елде, әр кезде кезек алынып отырған. Осы жөнінде талас-тартыстар, соғыстар болғаны мәлім. Түнгі аспанның қожасы Ай, ол кезде Күн жер астына қожа. Осы бойынша Күннің белгісі жер асты деп алынған. Демек жер астының тышқаны түйені жеңді деген сөзді жыл есебі бұрын Ай бойынша еді, кейін өзгеріліп Күн бойынша жүргізілді деген мағына шығады.  

 

 

 

Ақжан Машанов «Әл-Фараби» тарихи-деректі кітап, «Жазушы» баспасы, 1970