Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Наурызды зерттеу №2

Фараби геометриялық сызықтар жасап, өзінің ойын дәлелдеуге  кірісті.

    Ал енді жыл басына таласқан түйеге жол болсын. Түйе деген жұлдыз жоқ. Мұны түсіну үшін жыл аттары мен жұлдыз аттарын өзара салыстырып қарайық.
12 жылдың мүшел жылының басы Тышқан, 12 айлық жыл басы Қошқар (Хамал). Бұларға келетін Сайар (планета) Марс. Осы екеуін бір орынға қойсақ болғаны, басқалары реті бойынша өз орындарын табады. Сиырға – Сәуір (сиыр), өгіз (планета Шолпан), тағы сол сияқты. Шеңберді 12-ге бөлгенде онан тең қабырғалы 4 үшкіл жасауға болады.
Айтылған төрт үшкіл жер заттарын құраушы төрт текке (төрт затқа) сәйкес келеді. Осы үшкілдерді жеке-жеке қарап өтеміз.

   Бірінші үшкілдің бұрыштары: 1-бұрыш: Ұлу – Арыстан – Күн; 2-бұрыш: Тышқан – Қошқар – Марс; 3-бұрыш: Мешін – Мерген – Есекқырған. Осы бұрыштардағы жануарлардың түрін қарап көретін болсақ тамаша түсініктер келіп шығады. Алдымен Ұлу мен Арыстанды алайық. Ұлудың біздің көршілес елдерде жайын балық, немесе тымсақ (крокодил) немесе айдаһар мағынасында алады. Демек Ұлу мен Арыстан бірі судың, бірі құрлықтың патшасы, екі алып жыртқыш. Айдаһар мен Арыстанның арпалысы деген аңыз көп елде ежелден бар. Күннің тұтылуы осы екі алыптың, яғни Айдаһар мен Арыстанның арпалысынан болады деген аңызды білеміз. Сонымен осы аңыздағы үш бейне Күн – Айдаһар – Арыстан бір жерге келіп тоғысты.

   2-бұрыш: Тышқан – Қошқар – Марс. Мұндағы Тышқан мен Қошқарды су мен құрлық мағынасында түсінуге болады. Ал Марс болса, ол қызыл от – соғыс тәңірі болып есептелген нәрсе, оның металы темір; темір отпен тектес нәрсе.

 

   3-бұрыш: Мешін – Мерген – Есекқырған. Мешін деген шала адам, азған адам, маймыл мағынасында. Мергенді – Қауысты алатын болсақ, ол да, басы, садақ кезеген қолы – адам, басқа денесі ат (жылқы) демек, шала адам (кентавр). Есекқырған деген сөздің өзі сол мерген-есек, яғни кентавр мағынасында.


     Екінші үшкілдің бұрыштары: 1-бұрыш: Қоян – Шаян – Ай. Алдымен Қоян – Шаян деген сөздердің ұқсас келуі де тегін емес: бірі құрлық, бірі сулық жануар. Енді осы екеуі де өз тараптарынан келіп Айға байланысады. Алдымен шаянның арбиған екі имек аяқтары екі қолдын қары, немесе қошқардың екі мүйізі сияқты.

Қоян Айдың жануары, Айда қоян бар деген аңыз бірнеше елде бар (Монғол, Қытай, Парсы, Мысыр тағы басқа). Осы жөнінде көптеген ертегі аңыздар келтіруге болады. Бірақ әңгімені қысқарақ ұстау үшін біз кейбір негізгі табиғи түсініктерге тоқтаймыз. Қоянның айға бейімделетін екі айқын белгісі бар. Оның бірі жүйріктігі, екіншісі жыл маусымына қарай түсінің өзгеретіндігі. Осы екі белгінің екеуі де Айға нағыз тән белгілер: аспан шырақтарының ішінде ең шапшаң жүретін жүрдегі Ай, екіншіден туып, толып-ағарып (қысқы қардағы қоян сияқты), оның солып-қоңырланып (жаздағы сұр қоян сияқты), онан жоқ болып кетіп (кеуекке кірген қоян сияқты) құбылып отыратыны да сол Ай. Осыған қарағанда Қоянды Ай жануары ретінде алуы орынды. Мысыр иероглифы бойынша қоян – уақыт белгісі.


      Ай жарықта қозып кететін кейбір елірме ұстамалы науқасты «қояншық» деп келеді. Осы сөздің өзінде Ай мен қоянның байланысты мағынасы жатыр. Тағы бір қызықты мәтелді еске алайық. Қатты қуанып шаттанған қалыпты «Жерден жеті қоян тапқандай» деп келеді. Қоянды Ай жануары мағынасында түсінсек, Айдың жеті хат көктің басы екенін еске алсақ, бұл айтылған мәтел «қолы (немесе төбесі) жеті хат көкке жеткендей» деген мағынаға келеді, немесе жеті хат көктен тілегенін тегіс жерден берді деген мағынаға келеді.

     Біздің бір мақсатымыз түйенің жылға қатысы туралы еді ғой. Осыған байланысты Ай мен Қоянды қосақтаумен қатар түйені тағы ұмытпайық. Біздің түркі халықтарда ерте заманда Қарабай – Қарымбай атты бір сараң, қайырымсыз байдың малдары азып, әртүрлі аңға – жануарға айналған екен деген ертегі бар. Сондағы Қарымбайдың азған түйесі осы қоян екен дейді. Сондықтан да қоянның ерні түйенікі сияқты жырық болған деп қояды.

         

    2-бұрыш: Доңыз – Балық – Есекқырған. Балық пен Доңыз екеуі де бірінші бұрыштың (Ай бұрыштарының) табиғаты «су» деген шартын қостайды.

Ай мен Есекқырған екеуі аспан шырақтары ішінде табиғаты жақын нәрселер болып саналады. Айдың металы күміс болса, Есекқырғандікі қалайы, яғни екеуі де ақ түсті, жақын бейнелі металдар. Ерте замандарда қалайы-мырыш пен күміс қоспасы электрум бірінің орнына бірі жүрген.

    3-бұрыш: Қой – Бүйі – Марс. Қой атты жыл мен Бүйі атты жұлдыздың бір бұрышта кездесуі бір тамаша нәрсе. Бүйіге, әсіресе, оның бір атасы қарақұртқа қой малының өш болатыны, оны жесе семіретіні ертеден мәлім. Соны білетін қарақұрт қойдан жаман қорқады, оның иісінен қашады. Соны білетін қарақұрт қойдан жаман қорқады, оның иісінен қашады. Қарақұрт шағады деп қорыққан адам қой жүнінен басқан киіз төсенеді, немесе тері тон жамылады. Қарақұрт шаққан адамды кешке жұлдыз шаққанда далаға алып шығып, жұлдызға (әрине «Бүйі-Қарақұрт» жұлдызына) ұшықтайды, дәлдеңкіреп айтқанда «шақырады».

Біздің халқымыздың ауруды «шақырады» дейтін сөзі бар. Мысалы тіс ауыра «тісті шақырады» деп келеді. Ал шақырғанда кімді, нені шақырады деңіз. Сол науқастың қорқатын пірін-иесін шақырады? Ол пірінің атын естісе науқас иесі қашу керек. Қарақұрт шаққанда, оның қорқатыны қой, соны шақырады. Сол шақырудың бір үзіндісі мынау:

«Келді, келді, бәрі келді,

Қошқар келді, қойым келді.

Қошақаным, қозым келді,

Керегінің өзі келді».

Осыдан қорқып қарақұрттың уы қайтады деп түсінеді.

Қошқардың ай мүйізі садақ сияқты, бүйінің құйрығы да имек қылыш орақтай. Сондықтан қошқардың күші басында, бүйінің күші құйрығында деген ежелгі аңыз.

Бірінші үшкілдің екінші бұрышында Қошқар жұлдызы келгенде, онымен қатар Марстың келгенін көрдік, оның мәнісін сонда түсіндірдік. Ал біздің қарап отырған қазіргі бұрышта Қой жылы бар, сонымен қатар Марс тағы тұр. Демек, жұлдыз болсын, жыл болсын, Шопан ата жүрген жерде Марс бар.

 

 

Ақжан Машанов «Әл-Фараби» тарихи-деректі кітап, «Жазушы» баспасы, 1970