Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Наудың басы - даудың басы

«Нау құрымай, дау құрымас».
Халық мәтелі

 Фараби бүгін күндегідей емес, тағы бір жаңа шабытына келгендей, өзімен кеңесіп, алдында жатқан кітаптың беттерін ашқан сайын көзі жайнап, кейпі өзгеріп, толғануда. Өлеңдете жөнелді:
              

 

Он екі ай қыс пенен жаз айналмасы,
Айдың бар жиырма сегіз аялдасы.
Есебін екі санның келтіре алмай,
Сол еді даудың басы, наудың басы.

Ай орақ үш жаңасы – Үркер – тоғыс.
Қыс кеткен жылдың басы, - ол Наурыз.
Толған Ай қарсы шықса Үркер жаққа,
Шілде өтіп басталғаны тағы да күз.

Кездесер туған Ай мен ән – Нағайым,
Желтоқсан хабар етер Қауыс айын.
Шараған түн салқыны қыраулатып,
Көрсеткен Күн мекені әл-Ауа жайын. 

Толған ай он төртінде – әл-Дабаран,
Екеуі қыс айында қосылысқан.
Болғанда түн ортасы көлеңке жоқ,
Жарқырап тас төбеде тұрар аспан.

Қайырмасы:
«Маусым-жай, маусым-жай,
Маусым желдің даусын-ай».

     Айдың тоғысатын, аялдайтын жұлдыздардың туатын-көтерілетін және бататын уақыттарын дәл белгілеу керек. Өйткені сол жұлдыздардың туысы мен батысы ауа райына байланысты деп білген. Ауа райы алдымен желдің бағытына байланысты. Желдің шығатын жері мен соғатын бағыты туралы талас көп. Дау осыдан шығады. Ал енді Айдың тоғыс (аял) жұлдыздарының туғаны мен батқаны «нау» деп атайды (көпше айтылса «ануа»). Демек нау туралы дау туады. Ол дау астрономдар арасында, есепшілер арасында атам замандардан бері қарай бітпей келе жатқан дау. Сондықтан «нау құрымай дау құрымас» деген.

     Нау мен Жер ортасы Көктөбенің байланысы қандай? Нау бойынша дүние жүзіне тараған желдің басталған орны мен бағыты айырылады дейік. Сол басталған орын мен бағытты белгілеу, өлшеу, санау, көрсету үшін тағы бір түп қазық төбе керек. Сол қазық жердің ортасы болу керек. Ол орталық төбе жердегі әрекеттерді: ауа райын, желді, тағы басқасын реттеп таратушы, аспан көкпен байланысты, наумен байланысты. Демек, ол – Жер ортасы Көктөбе. Ол Көктөбеде ауа райы өзгермейтін, қыс болмайтын, мәңгі жасыл жеміс ағашы жай болуы керек, ол ғажайып бір жер жаннаты – жер үйегі. Оны іздеушілер де аз емес. Онымен байланысты толып жатқан аңыз-әңгімелер, ғажайып дастандар, кереметті ертегілер бар. Біз де сол Көктөбені іздеп көреміз. «Желмая мініп жер үйегін іздейміз». Бірақ «Наудың дауын» шешпей тұрып «Көктөбеге» жетемін деп өктеме. Олай болса Науға қайта ораламыз.

     Жұлдыз бойынша есеп айту, ауа райын айыру ерте замандарда халық дәстүріне айналған нәрсе. Көптің бас қосқан жерлерінде наудың жайы әңгіме болмай тұрмайды, нау сөз болғанда дау да қоса жүретіні мәлім. Осындай көп талқысына көп түсетін мәселе ақындарды да қыздырмай қойсын ба. Науға арналған ақындардың өлеңі тіпті көп. Сол кездегі аты шулы ақындардың науға арнап өлең шығармағаны кемде-кем деуге болады. Ондай өлеңдер араб, парсы, қыпшақ, үнді елдерінің бәрінде бар. Біздің Фараби жоғарыдағы өлеңін сол ақындардан алды ма, жоқ өзі арнап шығарды ма, онысы мәлім емес. Бірақ бәрінің сарыны бір. Сарыны бір дейтін себебіміз наурыз мейрамына байланысты. Ол мейрам халықаралық мейрам. Нау мен Наурыздың түбірі бір. Фараби өзінің өлеңін «Маусымжан» өлеңі деп атайды, өйткені онда жыл маусымдарының жайы сөз болады, маусымдық желдер айтылады.

   Таң ата бастағаннан Күн шығар алдына дейін туған жұлдызды бақылайды. Сол бойынша Күннің қай жұлдыздың тұсында екенін айырады, басқаша айтқанда осы бойынша Күн тоғысын айырады. Ай тоғысы мен Күн тоғысы арасындағы қатынасты білген адамға , яғни 12 мен 28 сандарының ара қатынасын білген адамға, бірінің тоғысы арқылы бірінің тоғысын табу қиын емес.

    Ай тоғыстарының ең бірінші бас тоғысы наурызға дәл келетін тоғыс, өйткені ол – жылдың басы. Наурыз айында күн мен түн теңеледі, іңірде Үркер мен жаңа туған үш жаңасындағы айдың кездесуі – тоғыс жыл басы болып саналады. Үш тоғыс айы, сәуір айы дегеніміз сол. Жұлдыз аты бойынша ол Өгіз (сиыр-сәуір-үркер) айы. Жерді көтерген Көк өгіз, ол жерді мүйізімен көтеріп тұрады. Бір мүйізі талғанда екінші мүйізіне ауыстырады дейтін аңыз- әңгіме осыған байланысты. Сол мүйізі қыстық мүйіз, оң мүйізі жаздық мүйіз деп есептесек, күн мен түн теңелген күні жердің салмағы екі мүйізге бірдей түскен күн деуге болады.

 

Ақжан Машанов «Әл-Фараби» тарихи-деректі кітап, «Жазушы» баспасы, 1970