Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

 

                                                                                                                                Астана қаласы
№71 мектеп – лицей
7 «А» сынып оқушысы
Сариева Айгерім                             

Қош келдің, Әз-Наурыз!

     Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірін деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.         Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.  Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын.  Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі. Наурыз мерекесі-күн мен түннің теңелуі. 




Қош келдің, Әз-Наурыз!

     Наурызнама – шат - шадыманды ойын-сауық, той.  «Ол күнде  Наурыз деген  бір жазғытұрым   мейрамы  болып, наурызнама қыламыз деп   той - тамаша қылады   екен» (Абай). Кей   жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді  ойын-сауықтар жасалады. Мұнда  шарап  ішу, ренжісу сияқты   жағымсыз әдеттерге  қатты тыйым  салынған.Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі  ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге  созылатын, халықтық  ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын  ерекше үлкен жиын той.
«Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Қыздар өздерін ұнатқан жігіттеріне «Ұйқыашардан» дәм таттыратын болған. Мұның мәнісі оларды «ұлыстың ұлы күні» ұйықтап қалмасын деген ескі ұғымнан туған.
Жігіттер қыз-келіншектерге  сақина, сырға, айна, тарақ   сияқты сыйлықтар береді.Оны «селт еткізер»  деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна - пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бүл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалады, таратылады.
Наурыз-тілек. Достық көңіл мен  тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.Наурыз төл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, оны ешкімге сыйға бермейді. Наурызкөк - наурыз айында ұшып келетін  көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдікті.Оны үйде де өсіреді... Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның  таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.  Наурызшешек  «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.Наурызша. Наурыз айында  жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.Наурыз есімі. Наурыз күнінде немесе айында туғандарды халық бақытты санаған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы: қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1706-1781),  Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі батырлар болған.  Алтын Ордада Наурыз есімді хан (1359-1360) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.

   10 "А" сынып оқушысы Нәлтаева Аққу



КӨКТЕМ

    Көктем – шуақты мезгіл.  Көктем келіп жер беті жаңарып, әдемі түрге енеді.  Құстар сайрап, барлық жан-жануар, тіршілік оянады. Көп шөп шығып, бәйшешек, ағаштар гүлдеп, мал төлдейді. Көктемнің айлары: наурыз, сәуір, мамыр болады. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің  алғашқы мерекесі аналар күні. Жердің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің атаулы күндері.

         
           Ерте көктем

Келдін  бе,  ақ  нұр  жамылған,
Қызғалдақ   сыйлар  гүл  көктем.
Арудай  жарын  сағынған,
Күле  алмай тұр–ау  күн  көктен.
 
Қаһарлы  қыстың ызғары,
Кете  алмай тұр  ма көңілден.
Сөгілді  айдын мұздары,
Бөлінбес   болып  көрінген.

 

6 "А" сынып оқушысы Тен Камилла


Қош, келдің-Әз Наурыз!

   НАУРЫЗ - бұл қазақтың ұлттық мейрамы.Бұл мейрам Қазақ халқының-жаңа жылы болып саналады.Наурыз мейрамы келгенде күн жылып, гүлдер бүршік атып, ағаштарда жапырақ пайда болып, қарлар, мұздар еріп, жер әлем жасыл түске түрлене бастайды.

   Наурыз да күн мен түн теңеліп ай туады. Наурыз келді деп, бүкіл халық сол мейрамға дайындалып, ренжіткен адамдарынан кешірім сұрайды,және де дастархандарын дайындап, бірін-бірін сыйлы қонақ етіп күтеді. Наурыз мейрамына орай, Наурыз көже дайындайды. Сол көжеге жеті түрлі дәм қосылады.Осылайша адамдар мейірімді,қамқор,қуанышты жүзімен Наурыз  мейрамын қарсы алады. Наурыз мейрамын да,бүкіл ауыл-аймақ,қалалар мерекелер ұйымдастырып,бүкіл халықтың басын қосып жүздеріне қуаныш сыйлап, үлкен кісілер мен балаларды, жастарды мәз қылып қуантады.

 Мейрамға орай дәстүрлі ойындар ойналады, олар: көкпар, қыз қуу, алтыбақан, арқан тартыс ойындары ойналады, және де жастар ән айтып билеп өз-өнерлерін көрсетіп сайысқа түседі.Балалар мен жастар Алтыбықанның үстінде тұрып ән айтады.Қазақстан да, Наурыз мейрамы үш күн аталып өтіледі.

   Бұл мейрам 2010 жылы,10 маусым да Біріккен Ұлттар Ұйымы 22-наурыз «Халықаралық Наурыз Мейрамы» деп белгіленді.Жалпы,Наурыз мейрамы парсы,кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа-жылдың басы ретінде тойланады. Бұл мейрам Әзербайжанда,Тәжікстанда, Иранда, Түркияда аталып өтіледі және де бұл мейрам қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы болып саналады.Халықтың түсінігі бойынша Наурыз мейрамында Қыдыр ата жер-көкті аралап шығады. Кейбір жұтқа ұшырап,қиналғандарға жылу жинап береді.

   Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған, және де барлық халықты НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

 7 «Ә» сынып оқушысы Алиакбар Ақмарал