Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

НАУРЫЗ - ҚАНДАЙ ТАМАША!

Келіп қалдың, Әз-Наурыз
Қарсы аламыз баршамыз,
Ашық аспан астында
Тойлатамыз жылда біз.

Құлпырып тұр Жер-Ана
Таза ауа қазір далада,
Елім менің жайнаған
Наурыз - қандай тамаша!
 
Бұлбұл құстай сайраған,
Ән шырқайды бала да.
Күн мен түн де теңелер
Наурыз - көктем тамаша!
 
Наурыз көже пісіріп,
Ауыл, қала, дала да
Аққа тиіп аузымыз
Наурыз - қандай тамаша!

 6 "А" сынып оқушысы Маратов Мейрамбек




НАУРЫЗ

Қош келдің, жаңа-жылы қазағымның,
Шырқатар кез келді ғой бала жырын.
Қол соғып, қошеметтеп отырсаңшы,
Шабытым келген кезде даналығым.
Жадырап көктем келді жайма шуақ,
Ерекше бергендейін бойға қуат.
Ақ көрпесін жамылып қыс та кетті,
Көкорай жер жайқалып көктем жетті.
Қызғалдақтар қырдағы құлпырғанда
Орманда құстар әнін шырқағанда
Қой  қоздап,қорада төл шулайды,
Наурызға арнап ақындар ән жырлайды.
Дәріптеп қазағымның ата-салтын,
Наурызда абыр-сабыр болды халқым.
Талқан тартып,келі түйген әжелері
Көктемде баршаңызға бақ тілейді.
Құтты болсын, қазақтың наурыз тойы!
Орындалсын халқымның асыл ойы.
Алланың нұры жаусын баршаңызға!
Қол жеткізіп аңсаған арманына.
Ұлыстың ұлы күні көңілді аспан
Бақытпенен шаттықтың жолын қосқан
Бірлігің тарқамасын, қайран  қазақ
Қонақ келсе қолыңда барын шашқан. 


 9 "А" сынып оқушысы Қорабай Алтынай



Әз - Наурыздың құдіреті!

Наурыз келді жадырап    
Көп береке ап келді,
Балалар да таңырқап       
Мерекені бақ көрді.     
 
Домбырасы қазақтың
Халық күйін тартады,
Құстар ұшып шырылдап       
Өзен-көлге қонады.
 
Үлкен абыз-қария
Елге батасын береді,
Киіз үйде тойлатып
Бала-шаға мәз болад.
 
Көкпар ойнап жігіттер
Қазақ рухын көтерді,
Асық, сақа қолында
Ұлттық ойын ойналды.
 
Бозбала мен бойжеткен
Алтыбақан тебеді.
Әз - Наурыздың құдіреті
Риза қылды біздерді.


  6«Б» сынып оқушысы Демеуов Шыңғыс

 

ӘЗ-НАУРЫЗ, КЕЛДІ!

Әз-наурыз, келіп  қалдың  алдымызға,
Қызық   емес бай ма, әлде жарлымыз ба?
Қызықтың бәрі  болар  берекеде,
Қуанып жүр ата-аналар мереке де.
 
Көкпар шауып, қызқуу қуған кезде,
Қызық  болады әз наурыз келген кезде.
Қыз бен жігіт қосылып би билейді,
Сондағы билегені қара жорға.
 
Бәйгені де өткізеді әз наурызда,
Күн мен түн теңеледі  әз наурызда.
Жаралыс пен қозғалыстың басы да,
Күш алған құдіретті Әз наурыздан.


5"Б" сынып оқушысы Тоқсанбек Асылхан