Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Құттықтаймыз!

https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1384418080685817/files/22-23/%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA.png?_t=1683782770







Уласхан Талап "Алтын сақа" қалалық олимпиадасында 2 орын иеленді. жетекшісі: Амал Өркеш


"Ана тілдің айбыны" атты республикалық байқауы бойынша 1-дәрежелі дипломмен Уабайдулла Рамазан , жетекшісі Қажыбаева Баян

 3 сынып ОҚУШЫСЫ Сейткарим Қарақат РЕСПУБЛИКАЛЫҚ"ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ" АТТЫ БАЙҚАУДА 1- ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ. ӨНЕРДІҢ КӨГІНДЕ САМҒАЙ БЕР, ЖАС ӨРЕН! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
http://cdn1.kdt.kz/files/sites/1384418080685817/files/2019-2020/%D2%9A%D0%B0%D2%A3%D1%82%D0%B0%D1%80/2.jpg?_t=1580354691

http://71.astana-bilim.kz/files/sites/1384418080685817/files/2018-2019/03.09/71674044_2473634586206359_8734310750878695424_n.jpg?_t=1569607434

http://71.astana-bilim.kz/files/sites/1384418080685817/files/2018-2019/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80/18273e3e-13c7-4599-8e6e-60c0236c1e37.jpg?_t=1543999715

http://cdn1.kdt.kz/files/sites/1384418080685817/files/2019-2020/%D2%9A%D0%B0%D2%A3%D1%82%D0%B0%D1%80/2.jpg?_t=1580354691http://71.astana-bilim.kz/files/sites/1384418080685817/files/2018-2019/03.09/71674044_2473634586206359_8734310750878695424_n.jpg?_t=1569607434http://71.astana-bilim.kz/files/sites/1384418080685817/files/2018-2019/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80/46ef21ad-3b1b-431a-b440-cd5baf855537.jpg?_t=1543999715

10 қаразыланып «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығады демекші олимпиаданың да жүлдегерлері анықталды.
Білім додасында мектебіміздің мақтаныштары 5 сынып оқушылары Қарсыбай Даниял, Ербол Елқұт жүлделі ІІ-орынға ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.



1.05.2018ж
#71 мектеп-лицейінде "Жұлдызды шеру" өтті. Білім мен тәрбие саласының, спорттың жұлдыздары атанған оқушыларға, қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарына құрмет-қошемет көрсетілді. 2017-2018 оқу жылына сараптама жасалды. 
Ұстаз, оқушы және ата-анадан тұратын үштік одақтың қатынасын нығайту мақсатында ата-аналар да шақыртылып, балаларының жұлдызды сәтіне куә болды.



19.05.2018
Елбасының "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген XIX республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінде #71 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Байбейсенова Сымбат 1-орын иемденді! Жетекшісі: Райxанова Бағжан Сәрсенқызы. Мектеп әкімшілігі атынан Сымбатты жеңісімен құттықтаймыз, әрқашан сенім биігінен шыға білуіңе тілектеспіз! 🎉🎉🎉

27.04.2018ж
Астана қаласының Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық Абай оқулары байқауы өтті. #71 мектеп-лицейінен 10-сынып оқушысы Байбейсенова Сымбат "Жүйріктен жүйрік шығар жарысқанда" номинациясы бойынша бақ сынап, "Бас жүлде" иегері атанды. Жетекшісі: Райxанова Бағжан Сәрсенқызы. 
Абай мен Шәкәрімдей ұлы тұлға ізімен жүріп, оларды өлеңіне арқау еткен Сымбатты жеңісімен құттықтаймыз! Қаламың ұштала берсін! Жазарың көп болсын!


27.04.2018ж
#71 мектеп-лицей қабырғасында 
"Рухани жаңғыруға"бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Елордасын астанаға көшіру шешімінің -20жылдығына арналған "Біз Елорданы аралап келеміз" үздік жаяу жүру экскурсиялық бағыты қалалық сайысы өтті. Байқауға мектебіміздің атынан 9-сынып оқушылары қатысып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Жетекшілері:Тунгишбаева.ЖБ., Шүкірбек Т .О.
Жеңістеріңіз құтты болсын!


15.03.2018г.
Учащиеся 10"в" класса ШЛ #71 участвовали в городском конкурсе "Знатоки права".Организатором и учредителем Гранта для призеров конкурса является Гуманитарно-юридический колледж КазГЮУ.
Под руководством учителя истории, профессионала своего дела, Достанбековой А.Н команда детей не только успешно выступила, но и показала свои всесторонние знания по юрисприденции и права.
Молодцы, дети!Желаем успехов и дальнейших побед!!!

15.03.2018
Футбол федерациясының қолдауымен Білім басқармасының "Шығыс" спорт орталығы өткізген 2002-2003 жылы туған оқушылар арасында Мектеп лигасы өткізілді. #71 мектеп-лицейінің құрамасы "Күміс жүлдегер" атанып, мектеп намысын абыроймен қорғаса, команда спортшылары Жумаев Жанарыс "Үздік қақпашы", Қордабай Дінмұxамед "Үздік сұрмерген" номинацияларына ие болды. Жеңімпаздарымызды мектеп әкімшілігі атынан жеңістерімен құттықтаймыз!!!

46366234_2263898863846600_2138915166769643520_n.jpg

03.03.2018ж
Жалпы орта білім беретін мектептердің VII-XI сынып оқушыларының арасында өткен "Жарқын болашақ" X облыстық қазақ тілі олимпиадасында #71 мектеп-лицей оқушылары топ жарды. 
Оқушылар арасында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиадада мектебіміздің бірқатар оқушылары бақ сынап, үздік екендіктерін дәлелдеді. 
"Сөз шеберлері", "Жазушылар" және "Әнші-бұлбұлдар" номинациялары бойынша жүлделі II-III орындарды иемденген оқушыларымыз Рузимуратов Ислам, Тен Софья және Абдураxманова Анораны, сондай-ақ, жетекшілері Кунпеисова Салтанат Жумаxановна мен Бидилдинова Гульнара Нурабаеваны #71 мектеп-лицей әкімшілігі атынан жеңістерімен құттықтаймыз!!!


#71 мектебінің оқушылары жеңіс тұғырында!
"Асыл мұра" xалықтық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың Х-шы Республикалық ән-би балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауда "Ансамбль" номинациясы бойынша мектебіміздің "Нұр-ғасыр" ансамблі 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Алматы қаласында өткен байқауда мектебіміздің абыройын асқақтатып, үздік атанған "Нұр-ғасыр" ансамблі мен жетекшісі Райымбекова Асия Мұxтаровнаны #71 мектеп-лицей әкімшілігі атынан жеңісімен құттықтаймыз! Шабыттарыңыз шарықтай түссін!!!



27.02.2018
Астана қаласы #2 өнер мектебінде "Астана қаласының 20-жылдығына арналған" VIII қалалық " Наурыз - жыл басы" атты сурет байқауы өткізілді. Сайысқа мектебіміздің 6-сынып оқушысы Аманжол Ғайша қатысып, жүлдері 2-орынды иемденді. 
Жыл басын суретіне арқау етіп, мектебіміздің намысын абыроймен қорғаған бүлдіршініміз бен жетекшісі Жанар Бауыржанқызын жеңістерімен құттықтаймыз!


17.02.2018ж
#71 мектеп-лицей КММ оқушылары тағы да жеңіс тұғырында!
"Заңғар" желілік қоғамдастығы шеңберінде оқушылар арасында ұйымдастырылған "Намыс дода" спорттық сайысында #71 мектеп-лицейінің намысын қорғаған "Сұңқар" командасы "Бас жүлде" иегері атанды! 
#76 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған сайысқа Есіл ауданының 4 мектеп қатысқан болатын. Тартысқа толы додадан топ жарған толағайларымызды жеңісімен құттықтаймыз!


10.02.2018ж
Елбасынын "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "Дала өрнектері" би байқауы өтті. 
Қалалық байқауда #71 мектеп-лицейінің"Нұрсәулем-ай" би тобы 1 орынға ие болып, мектеп абыройын асқақтатты.
#71 мектеп-лицей ұжымының атынан бүлдіршіндерімізді алғашқы қадамдарымен құттықтап, тек қана биіктен көрініңдер дегіміз келеді.

03.02.2018ж
"Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ ұйымдастыруымен "Кәмлетке толмағандар арасында құқұқ бұзушылықтардың профилактикасын жаңғырту" бағдарламасы аясында "Асық ату" жарысы өтті. 
Шараға #71 мектеп-лицей оқушылары да белсенділікпен қатысты. 
Екі оқушымыз 1-орын иегері атанса, екі оқушы 2-орынды иемденіп, мектеп намысын абыроймен қорғады. 
Халық мұрасы - асық ату жарысы жастарымызға ерекше ұнады. 
#71 мектеп-лицейінің намысын қорғаған үздіктерімізді жеңісімен құттықтай отырып, Ұлттық құндылықтарымызды насиxаттап, ұлттық ойындарымызды жаңғыртуды мақсат еткен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.


30.01.2018ж
"Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Елорданы Астанаға көшіру тариxи шешіміне - 20 жыл толуына орай Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен "Үздің гид-экскурсия жүргізуші" қалалық сайысы өтті. 
Байқауда мектебіміздің намысын бес бірдей оқушы қорғап, төрт оқушы жетекшілерімен қоса алғыс xаттармен марапатталса, 10 "а" сынып оқушысы Байбейсенова Сымбат үздіктердің үздігі атанып, экскурсоводқа тән: конструктивтiк, ұйымдастырушылық, коммуникативтық және аналитикалық қабілетін көрсете білді. Мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымының үмітін ақтап 1-орынды иемденді. 
Оқушыларымыздың талпынысы пен күшін дәлелдеп, жігерін көрсетуіне мүмкіндік жасап, тағылымы мол шараны ұйымдастырған «Балалар мен жасөспірімдердің туризмі жəне өлкетану орталығы» əкімшілігі мен орталық директоры Мэлс Кабдоллаұлы ұжымына 71 мектеп-лицейінің атынан шығармашылық табыстар тілейміз!


13.01.2018ж
"Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ ұйымдастыруымен Волейболдан Дарынды балаларға арналған #81 "Astana English School” гимназиясының кубогінде #71 мектеп-лицейі командалық есепте I орынды иеленді. 
Мектебіміздің намысын қорғап, үздік деп танылған жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!



17.11.2017ж
Астана қаласы псиxологтары арасында өткен "Практикалық псиxолог" конкурсында II дәрежелі дипломға ие болған, мектебіміздің жас маманы Қабажаева Мадина Бауыржанқызын жеңісімен құттықтамыз! 
Шығармашылық табыс пен жұмыста тек сәттілік тілейміз!



2017-2018 оқу жылына арналған спорттық- бұқаралық іс шараларының жылдық жоспарына сәйкес 24.10.17 #71 мектеп-лицейінің және шаxмат федерациясынын қолдаумен мектепішілік "Ақбозат" атты шаxмат турнирі өтті. Жарыста 1- орын Мұxанұлы Алижан 4 ә 2-орын Бөрібай Нурсултан 6 ғ, 3- орынды Абайұлы Нұржігіт 4 ә , 4- орын Қошқарбай Азамат 2 сынып оқушысы иемденді. Қыздар арасында 1- орын Абубәкір Асылай 4 а сынып оқушысы, Егембай Аружан 4 ғ сыныбы, 3- орын Оспанова Лайлә 4 а сыныбының оқушысы иемденді. Жеңістерің құтты болсын, бүлдіршіндер!








Мектеп бітіруші түлектер!!!

          Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі- бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.  Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспіз. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптанекіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз.


Мектеп әкімшілігі






Туған күніңізбен !!!

Құрметті Сауле Антайқызы!  
    Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз,ойлаған армандарыңызға жетуге тілектеспіз. Сізді тек биіктерден көрейік. Қадамыңызға - гүл,келбетіңізге- нұр, қиялыңызға қанат бітсін, жасыңызға- жас қосылсын,Шаңырағыңызға құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңызға –амандық,  деніңе- саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, арманың- асқақ, шығар биігіңіз асқарлы болсын !

      Әрдайым құшағыңыз – гүлге, қадамыңыз нұрға тола берсін! 
Бақытты өмір сүруіңізге шын жүректен тілектеспіз!
 

  Мектеп ұжымы

     


Құттықтаймыз!!!

    Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен № 71 мектеп-лицейінің барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.
    Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!


Мектеп әкімшілігі




Құрметті Вадим Васильевич!
Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып мерекелі туған күніңізбен құттықтаймыз!
Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын. Бала-шағаңыздың ортасында темірқазықтай калпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз!
Білім саласындағы абыройлы істеріңіз жемісті болып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

 Ізгі ниетпен, Мектеп ұжымы