Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Астана қаласы әкімдігінің " 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сайтына қош келдіңіздер!

Жас ғалым

Ғылыми жетекші: Қалиева Гүлзира Тоқмағанбетқызы

Автор: Қағазбек Абылай және Қағазбек Адай

 
 
Бұл адамның арқасына массаж жасайтын құрал

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Қазақтың үй шаруашылығындағы пайдаланатын қолөнер заттары»
Кіріспе
       Ағаш – ол табиғатқа және қоршаған ортаға пайдалы. Ол шаң-тозаңды сіңіріп, таза ауа шығарады. Қоршаған ортаға көрік береді. Сонымен қатар қолөнер  бұйымдарын жасауға болады. Үй шаруашылығында қолдан жасалған заттарды көп пайдалануға болады. Қазіргі кезде ағаштан әртүрлі  жиһаздар, бесік, сандық, үй жабдықтары (кесе, ожау, қасық) т.б. көптеген заттар жасалынады. Әрине ағаштың көптеген түрлері болады. Мысалы: жиде, емен, тораңғы, қарағаш, қайың, қарағай т.б. Ертеде ағаш ыдыстар емен, қайыңнан жасалған. Қазақ көшпелі халық. Алып жүргенде сынбайды және ыңғайлы болған. Ағаш ыдыс іші толтырылған сұйық тағамнан қолыңды, аузыңды күйдірмей сақтайды. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі),  жөке,  тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай,  жылтыр,  ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі  иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады.  Жапон биолог ғалымдары ет турайтын ағаш тақтайдың түрлi бактерияларды жоятындығын анықтады, ал пластмасса тақтай керiсiнше көбейтедi екен. Ағаштан қағаз жасайды, үй саламыз, үй жиһаздарын т. б. заттар жасаймыз.
Зерттеудің мақсаты:
     Қазақ  халқының ұлттық қолөнер дәстүрін қалыптастыру, өнерге бейімдеу, талғампаздығын, әсемдік ерекшеліктерін, жеке басына қажет нәрсені тоқып алу мүмкіндігін арттыру.Өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.Ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру және  тәрбиелеу. Қолөнер түрлерін  анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу: Зерттеу жұмысының міндеттері: - Ағаштан жасалған қол өнер түрлерін анықтап, жасалу жолына тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу; - Қолөнердің тәрбиелілік мәнін ұғыну; - Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру; - Қолөнер туралы жазған оқу-әдістемелік  әдебиеттерге теориялық талдау жасау, танысу;
Зерттеу гипотезасы:
       Зерттеу гипотезасы ретінде қазақтың ағаштан жасалған қолөнер түрлерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.
Зерттеу кезеңдері:
 Зерттеу пәні – жалпы білім беретін мектептегі  оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану жүйесі.
 Зерттеу объектісі (нысаны) – Астана қаласы № 71 мектеп-лицейі Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: - Жинақтау, топтау; - Салыстыру, жасау, көрсету; - Өзіндік ой топшылау; Зерттеу жұмысының болжамы:  
       Ағаштан жасалған  қолөнер бұйымдарын жасауға болады. Қазіргі кезде ағаштан әртүрлі  жиһаздар, бесік, сандық, үй жабдықтары (кесе, ожау, қасық) т.б. көптеген заттар жасалынады. Бұл ұлттық бұйымның кеңінен насихаттап, қолданысқа енуіне жол ашар едік. Нәтижесі мен қорытындысы:
       Қазақтың ұлттық қолөнері баяғы кезден бері келе жатқан дәстүр және адамзатқа пайдалы деп айтсақ артық айтқандық емес. Ұмытылып бара жатқан қолөнер бұйымдарын  қайта жандандыру. Өйткені қазіргі уақытта пайдаланбай, мұражайларда сақталғанымен,  ол болашақта ұмытылып кететіні анық. Сонымен қатар, психолог мамандардың айтуынша саусақпен жұмыс жасаған адамның логикасы да жақсы дамитыны белгілі. Осыған байланысты қолөнерді дамытып, алға қою керек деп ойлаимыз!
Зерттеу жұмысының құрылымы:
        Бұл ғылыми жұмыс кіріспеден, I негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.